Еурокомиссия мен Канада Украинаға 9,1 млрд еуро бөлді
Польша астанасы Варшавада жиын өтіп, қатысушылар қаза тапқан украиналықтарды 1 минут үнсіз еске алды.
Жиын барысында Еурокомиссия мен Канада үкіметі Украина халқын қолдау үшін 9 миллиард 1 миллион еуро бөлді.
— Еурокомиссия өз тарапынан 1 миллиард еуро бөледі. Оның 600 миллионы Украина билігіне және Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдарына аударылмақ. Ал қалған сома Украинаға көршілес елдерге беріледі. Бұл қаржы босқындардың білім алу және жұмысқа орналасу қажетіне жұмсалса дейміз, — деді Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен.
Айта кетейік, бөлінген қаражаттың 7 миллиард 3 миллион еуросы басқа елде бас сауғалап жүрген босқындарға, қалғаны өз жерінде қалған украиналықтарға бөлінеді.
Комментариев пока нет