Мағзұм Мырзағалиев қызметінен босатылды
Поддержать

Мағзұм Мырзағалиев қызметінен босатылды

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының Өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Ернар Басаевты президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің көмекшісі-меңгерушісі етіп тағайындаған еді.

Мағзұм Мырзағалиев 13 қаңтарда Президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстанның энергетика министрі қызметін атқарған. Бұл лауазымда ол төрт ай жұмыс істеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *