«Патриоттар уақыты»: түсірушілер тобы фильмнің тұсауы кесілетін күнді атады
Поддержать

«Патриоттар уақыты»: түсірушілер тобы фильмнің тұсауы кесілетін күнді атады

Сәуірдің 28-і күні Қазақстанда атыс-шабыс жанрындағы «Патриоттар уақыты» фильмінің тұсаукесері өтеді. Бұл толық көлемде түсірілген батыл, тың ойлы әскери блокбастер алдағы уақытта ірі кино алаңдарына шығарылып, көрсетілмек. Редакция Exclusive картина авторларына бірнеше сұрақ қойды.

«Патриоттар уақыты» фильмін түсіруге не түрткі болды?

– Еліміздің Қарулы Күштері туралы заманауи көркем фильм түсіру идеясы маған сонау 2018-жылдың аяғы – 2019-жылдың аяғында келген еді.

Осы кезге қарай аталмыш жүйеде шешімін күткен, кемінде, екі мәселе бары айқын көрінді: біріншісі – көптеген қоғам мүшелері, тіпті, мемлекеттік құрылымдағылар да бейбіт бағыттағы Қазақстанға ешкім де, ештеңе де қауіп төндірмейді деген пікірде болды. Сырт басқыншылықты тойтаруға қойылған армия жақын-жуық арада ешкіммен ұрыспайды, ондай жағдай туындамайды, ендеше, оны нығайтып, жаңартуға ақша шашудың түкке керегі жоқ деген ой айтылды, – деп түсіндіреді фильм идеясының авторы Нұрлан Ермекбаев. – Екінші мәселе қарулы Күштерге қабілетті, ойлы, пайым-парасатты, жүйкесі мықты жүректі де білекті жас жігіттерді тарту қажеттігімен байланысты еді. Және, атап айтқанда, жедел әскери қызметке де, келісімшарт бойынша қызметке де, болашақ офицерлер қатарына да сондай азаматтардың келгені игі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.