Марат Пірінбеков екі айға қамауға алынды
Поддержать

Марат Пірінбеков екі айға қамауға алынды

Алматыдағы ақылы автотұрақтарға жетекшілік ететін «Алматы спецтех паркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды. Бұл ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады.

— Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Пірінбековке қатысты сот екі ай мерзімге, яғни 2022 жылғы 15 маусымға дейін қамауда ұстау түрінде бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын санкциялады, — деп хабарлады сотта.

Бұған дейін a-parking брендімен қалалық ақылы автотұрақтардың операторы болып табылатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған болатын.

Еске салайық, Алматыда ақылы автотұрақтар 2016 жылы енгізілген еді. Соңғы жылдары ақылы тұрақтар саны артты. Алматыда қазір 11 мың ақылы тұрақ орны бар, бұл қаланың жалпы тұрақ кеңістігінің 15 пайызы.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.