Тоқаев Amanat партиясының съезін шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.
Асхат Ораловтың айтуынша, съезд 26 сәуірге шақырылған. Съезд онлайн форматта өтелі және оған барлық өңірден делегаттар қатысады.
— Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында Adal саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған, — деп жазды Оралов Facebook-парақшасында.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет