Қоныспаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болды
Поддержать

Қоныспаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болды

Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

— Мемлекет басшысының өкімімен Ермұхамбет Болатбекұлы Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ермұхамбет Қоныспаев 2019 жылдан бастап Германияның Франкфурт қаласында Қазақстанның Бас консулы лауазымын атқарды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін, сондай-ақ Ахен қаласындағы Рейн-Вестфаль техникалық университетінің магистратурасын «Еуропалық зерттеулер»мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ»халықаралық білім беру стипендиясының түлегі.

II санатты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Фото:gov.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *