Тоқаев Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілін тағайындады
Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
— Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Зеникенұлы Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ жанындағы тұрақты кеңестегі Қазақстанның өкілетті өкілі болған Жәнібек Иманалиев лауазымынан босатылды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет