- Exclusive
Поддержать

Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді.

— Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі бойынша), — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша оның әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

— Қазіргі уақытта Н. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру іс — шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде, — деп толықтырды Антикор.

Ведомство тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото:gov.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *