ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары-тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Серік Бурамбаев мерзімді қызметтегі Әлібек Қалбайдың қайтыс болғаны туралы мәлімет берді.
— 22 сәуірде қалалық үлгідегі Гвардейск кентінің әскери госпиталінде жедел қызметтің қатардағы жауынгері Әлібек Қалбай қайтыс болды. Ол жеке құрамның сап түзеуі кезінде өзін нашар сезініп, есін жоғалтқан. Реанимациялық шаралардан кейін сарбазды көз жұмды, — деді Серік Бурамбаев
Ол Әлібек Қалбайдың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
— Қатардағы жауынгер Қалбайдың қазасы туралы шындықты жұртшылық міндетті түрде білуге тиіс. Арнайы құрылған жедел-тергеу тобы қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның барлық нұсқаларын қарайды. Қажетті сараптамалар алынды. Қазіргі уақытта терінің өзгеруі медициналық сараптамамен және өлімнен кейінгі биологиялық процестермен байланысты. Біз объективті тергеуге мүдделіміз, өйткені барлық дәрежедегі командирлер ата-аналар мен мемлекет алдында әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар моральдық жауапкершілік атқарады, — деді Бурамбаев.
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің басшылығы ештеңені жасырмайтынын атап өтті.
— Сарбаздың ата-анасы мен туыстары болған оқиғадан кейін бірден әскери бөлімге барып, тұрмыс жағдайымен танысып, ұлы қызмет еткен бөлімшедегі жағдайды өз көздерімен көрді, — деді ол.
Фото: Inaktau.kz
Комментариев пока нет