- Exclusive
Поддержать

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша айтқан сынынан кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

— Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан шығарылды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің бірқатар басшы қызметкерлері мен мамандарына қатысты қолданылды.

Бұған дейін осы себеппен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен шеттетілген еді.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *