- Exclusive
Поддержать

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан шықты.

— Бүгіннен бастап мен Amanat партиясының төрағасы қызметінен кетіп, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Осыған байланысты, сіздерге сенімдеріңіз бен президенттік сайлау кезіндегі қолдауларыңызға алғыс айтамын, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы қандай да бір партияға басымдық бермеуі тиіс екенін және саяси тұрғыдан бейтарап болуы тиіс екенін атап өтті.

— Бұл менің нақты ұстанымым. Бұл принцип сайлауға қатысатын барлық партиялар үшін тең мүмкіндіктер жасайды. Ол саяси жүйеде әділеттілікке жол ашады. Егер партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, бұл халықтың оған деген сенімін нығайтады және беделін арттырады. Бүгінгі өзгерістер Amanat-ты жаңғыртуға мүмкіндік береді. Партия алдағы уақытта да еліміздің дамуына өз үлесін қосатыны сөзсіз, – деді президент.

Партия төрағасының орнына Тоқаев Мәжіліс спикері Ерлан Қошановты ұсынды.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *