Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Президент бұл ұсынысын ҚХА отырысында мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер ететінін жеткізді.
— Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын, — деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, президент Республикалық референдум туралы конституциялық заң қабылданғанын жеткізді. Бірақ ол заң әлі қолданысқа енбеген.
— Одан кейін Республикалық референдум туралы конституциялық заң қабылданды, бірақ ол әлі күнге дейін қолданысқа енген жоқ. Содан бері Конституцияға төрт рет түзетулер енгізілді. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің жарқын көрінісі болады деп санаймын, — деді президент.
Комментариев пока нет