Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мысырдағы елшісіне сөгіс жариялады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады, — делінген Президеттің баспасөз қызметі хабарламасында.
Ескерту: мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары» деген 3-тарауда Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 9-тармағында былай делінген:
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс.
Еске салайық, Қазақстанның Мысырдағы, Алжирдегі және Тунистегі елшісі Қайрат Лама Шариф Facebook-парақшасында КСРО кезінен қалған бірқатар қала мен облыс атауларынан арылуды ұсынған еді.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет