- Exclusive
Поддержать

Украинадағы оқиғалар аясында Жапония Ресейден, Донецк Халық Республикасынан және Луганск Халық Республикасынан 140 адамға, оның ішінде Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинге, Ресей Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының орынбасары Рашид Нұрғалиевке және бизнесмен Геннадий Тимченконың туыстарына, сондай-ақ 71 ресейлік компанияға қарсы жаңа санкциялар енгізді.

Жаңартылған санкциялар тізімі Жапония СІМ сайтында жарияланды. Жапонияда аталған тұлғалардың активтері табылған жағдайда тоқтатылады.

Бұдан басқа, аталған тұлғалармен қаржылық операцияларға, оның ішінде депозит немесе қарыз туралы шарттар жасасуға тыйым салынады.

Сондай – ақ Ресейден тауарлардың 38 түрін- ағаш, автомобильдер мен мотоциклдер, сыра, шарап және басқаларын импорттауға тыйым салынды. Сонымен қатар, Ресейдегі ең ірі тоғыз банкке қарсы санкциялар енгізілді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *