Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.
Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.
Комментариев пока нет