- Exclusive
Поддержать

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық істері № 2 Сарыарқа аудандық сотына қайта түсті, хабарлайды Exclusive.kz.

— Е.А. Біртанов, О. А. Әбішевке қатысты қылмыстық іс Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотына қабылданды. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 11 мамырда сағат 10-ға жоспарланған, — деп хабарлады соттың баспасөз хатшысы.

Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарында № 2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов қылмыстық іс жүргізу заңнамасының елеулі бұзушылықтарын жою үшін прокурорға қылмыстық істі қайтарған еді.

2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Ол кезде коронавируспен ауырған. Қазан айының соңында Біртанов аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамалды.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *