16 мамыр күні Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің саммиті өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.
— 16 мамырда ҰҚШҰ-ның 30 жылдығына орай Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің саммиті өтеді. Бұл шара көшбасшылардың кездесуі ретінде өтеді. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша журналистерге ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась және Армения премьер-министрі Никол Пашинян ақпарат береді деп күтеміз, — деді Песков.
10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылған ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты. Онлайн-саммит бір минут үнсіздікпен басталды.
Айта кетейік, бұл кезектен тыс сессияға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь Президенттері, Армения, Қырғызстан премьер-министрлері және ҰҚШҰ Бас хатшысы қатысты.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет