Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру жоспары туралы теріс пікірде.
Түркия басшысының айтуынша, Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылу жоспарына оң қабақ танытпайды. Сондай-ақ, саясаткер бұл екі елдің «көптеген террористік ұйымдардың үйі» екенін атап өтті.
— Біз процесті қадағалаймыз. Бірақ біз бұл туралы оң пікірде емеспіз, — деді Ердоған.
Оның айтуынша, бұған дейін «Грецияға байланысты қателік» жіберілген. Анкара қателікті қайталағысы келмейді.
Бір күн бұрын Финляндия президенті Саули Ниинисте мен премьер-министр Сана Марино тез арада НАТО-ға мүше елдер қатарына кіру туралы айтты. Кейінірек Швеция билігі Солтүстік Атлантикалық одаққа кіруге өтініш беруді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет