- Exclusive
Поддержать

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді. Президент бүгін ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұйымның іс-шарасы ертең, 16 мамыр күні Кремльде өтетіні айтылады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *