- Exclusive
Поддержать

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікірін білдірді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер министрден зейнет жасын төмендетуге қандай зерттеулер негіз бола алатынын сұрады.

Министрдің аса ауыр және зиянды өндірісте жұмыс істейтін мамандар зейнетке ерте шыға алатынын жеткізді. Бірақ алдымен медициналық комиссиядан өту керек.

— Бірақ әйелдерге қатысты айтарым, Қазақстанда олардың өмір сүру ұзақтығы еркектермен салыстырғанда 9 жылға артық. Зейнет жасын төмендету мәселесін жан-жақты зерделеу керек. Біз талқыға салынатын мәселені ескере отырып, ондай жұмыс тобына міндетті түрде қатысамыз, — деді министр.

Фото : CC0 / Sabine van Erp




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *