Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы Қайыржан Бимолдин мәлімдеді.
– Зейнеткерлік жас әскери қызметшінің әскери қызмет туралы заңда белгіленген шекті жасына тікелей байланысты. Биыл Әскери қызмет туралы Заңға өзгерістер енгізіліп, қызмет мерзімін бес жылға дейін ұзартуды көздейтін норма енгізілді, осыған байланысты зейнетке шығу жасы бес жылға дейін ұлғайтылатын болады, — деп хабарлады Бимолдин Қорғаныс министрлігінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, зейнеттегі әскери қызметшілерге жеткілікті шекке қарамастан, зейнетақы жинағының жартысын мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етілді.
Комментариев пока нет