- Exclusive
Поддержать

30 мамыр күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин және Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы мемлекет басшыларының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркия басшысының кеңсесі Ердоған мен Путин екіжақты қатынастардың жай-күйін, сондай-ақ Ресей мен Украина арасындағы соғысқа баса назар аудара отырып, аймақтық процестерді талқылағанын хабарлады.

Ердоған Мәскеу мен Киев арасындағы бейбітшілік іргетасын тез арада қалпына келтіру, соғыстың теріс салдарын азайту және тараптар арасында сенім қалыптастыру қадамдарының қажеттілігін атап өтті.

Келіссөздер барысында Түркия президенті ресейлік әріптесіне Стамбулда Ресей, Украина және БҰҰ делегациялары арасында мониторингтік тетікті қалыптастыру мәселесі бойынша кездесу өткізуді ұсынды.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Украинадағы жағдайды талқылау кезінде Қара және Азов теңіздерінде қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету, судағы мина қаупін жою мәселелеріне баса назар аударылды.

Путин Ресей тарапының түрік серіктестерімен келісе отырып, жүктердің кедергісіз теңіз транзитіне жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті. Бұл украин порттарынан астықты экспорттауға да қатысты.

Фото: Апостроф




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *