Қазақстанда оқушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
– 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың денсаулық әлеуетін қалыптастыруға мектеп ортасы үлкен әсер етеді. Осыған байланысты біз «оқушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын» әзірлеу бойынша жұмысты бастадық. Құжатта мектеп медбикесінің функционалы, мектеп медбикесінің бір ставкасына оқушылар санының нормативі, мектептердің медициналық пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру нормативі және алдын алу жұмыстарының тәртібі регламенттелетін болады, — деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Сондай-ақ, денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер жобасы қайта жанданды.
– Пандемияға байланысты екі жыл бойы бұл жоба толық жұмыс істемеді, бүгінде жобамен 1181 немесе мектептердің 17% қамтылған. Жұмыс нәтижесінде салауатты өмір салтын қолдауға ықпал ететін мектеп ортасына жағдай жасау күтілуде. 2025 жылға қарай артық салмағы бар оқушылар саны 100 мың балаға шаққанда 90% — ға дейін төмендейді деп күтілуде, — деді министр.
Комментариев пока нет