ҚТЖ жалғыз акционерінің 27 мамырдағы шешімімен Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
– «ҚТЖ «ҰК» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының, тәуелсіз директор Кальман Шомодидің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.»ҚТЖ «ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор Юрий Лавриненко болып сайланды, — делінген хабарламада.
Өзгерістер енгізілгенін ескере отырып, ҚТЖ Директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады:
Юрий Лавриненко — директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
Нұрлан Сауранбаев — директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы;
Нұржан Байдәулетов — директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;
Ернат Бердіғұлов — директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;
Назира Нұрбаева — директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;
Ғибрат Ауғанов — директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;
Ульф Вокурка — директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Нұрлан Ақанзарипов — директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Джон (Йан) Маккей — директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Комментариев пока нет