- Exclusive
Поддержать

Ақтөбеде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қасым, Жомарт және Кемел атты үшем дүниеге келді.

Астана телеарнасының мәліметінше, Қарлығаш Жармағамбетова күйеуімен бірге қыз тәрбиелеп, екінші бала туралы армандаған. Көптен күткен жүктілік ЭКҰ процедурасынан кейін мүмкін болған. Үшем туралы жаңалық ерлі-зайыптылар үшін тосынсый болды.

– Есімін енем қойып кеткен. Қазір ол бізбен бірге емес. Егер болашақта ұл болса, Кемел деп атаңдар деді. Кейін үшем екенін біліп, Қасым, Жомарт деп атауды жөн көрдік. Менің ойымша, аты сәйкес келеді, — дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Қарлығаш Жармағамбетова.

Әзірге балалар мен анасы дәрігерлердің бақылауында. Перинаталды орталықта барлығы өздерін жақсы сезінетінін, бірақ балаларға салмақ жинау керек екенін айтты.

– Қазір балалардың жағдайы жақсы, олар анасымен бірге. Балалардың салмағы — 1900 грамнан 2600 граммға дейін, — деді Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Андрей Гайдай.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *