ТШО жобалары: халыққа көмектесе отырып, бизнесті дамыту
Поддержать

ТШО жобалары: халыққа көмектесе отырып, бизнесті дамыту

Топтық жұмысты құру және елге қамқорлық жасау – ТШО-ның артықшылығы. Бірлескен жобалардың тәжірибесі бизнестегі қамту үлесін арттырып қана қоймай, отандық кәсіпорындарды қолдайды, сонымен қатар өндірушілерге шетелдік компаниялармен бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Материалы по теме

«ТШО-мен ынтымақтастық қазақстандық кәсіпорындарға ең жоғары әлемдік стандарттар деңгейінде сенімді болуға көмектеседі», – деп санайды «Восток Цемент» ЖШС құрылтайшысы Ирина Райс.

– Аймақтың және құрылыс нысандарының ерекшеліктерін ескере отырып, ТШО үшін сульфатты коррозияға қарсы төзімділігі жоғары, аязға қарсы тұра алатын төзімді, сондай-ақ беріктігі жоғары сипаттамалары бар арнайы цемент қажет. Менің білуімше, 2003 жылға дейін ТШО цементті шетелден сатып алып келген, кейін олар отандық жеткізушілерді іздеуге кірісті.

Сол тұста Британдық стандарт бойынша цемент өндіру талап етілді, өйткені қазақстандық мемлекеттік стандарт ТШО үшін талап етілетін техникалық сипаттамаларды әлі реттемеген болатын. Цементті ТШО талаптарына сәйкестендіру үшін, компания «Восток Цемент» ЖШС-ның (Бұқтырма цемент зауыты) инженерлерімен және технологтарымен, әрі ТШО инженерлерімен бірлесе отырып, орасан зор жұмыс жүргізді. Оған дейін  өндірістің технологиялық процесі өзгертілді. Цемент үлгілері Англияның тәуелсіз зертханаларына жіберіліп, бірнеше айдан кейін ғана тұрақты техникалық көрсеткіштерге қол жеткіздік. 2003 жылдан бастап 2014 жылға дейін цементті британдық стандарт бойынша өндіріп, өткізіп отырдық. Ал 2014 жылдан бастап ҚР мемлекеттік стандарты еуропалық және британдық стандарттарға сәйкес үйлестірілді, бұл ТШО үшін талап етілетін техникалық сипаттамаларды ескере отырып, мемлекеттік стандарты бойынша цемент жеткізуге мүмкіндік берді, – дейді Ирина Райс.

– ТШО инженерлерімен жұмыс істей отырып, біз олардың жоғары кәсібилігі мен ізгі ниетін жоғары бағаладық. Өндірістің технологиялық процестерін қайта құрумен байланысты алғашқы қиындықтарға қарамастан, ТШО цементтің қажетті техникалық көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін бізбен табанды жұмыс жасады. Біз өз тәжірибеміз арқылы ТШО-ның қазақстандық өндірушілерді дамытуға шынымен де мүдделі екендігіне көз жеткіздік. Бұл біз үшін таңқаларлық, жағымды жаңалық болды.

ТШО қауіпсіздік техникасына ерекше көңіл бөлетіндіктен, біз өз кезегімізде қауіпсіздік техникасы бойынша жоспарымызды әзірлеп, барлық жобаларымызда қауіпсіздік жайын қарастырдық. ТШО-мен жұмыс тәжірибесі біздің компаниямыздың өсуіне және біз үшін қиыршық тасты өндіру сияқты өндірістің жаңа түрлерін игеруге мүмкіндік берді.

«ПФ ЭЛЕКТРОСЕРВИС» ЖШС-ның жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің басшысы Сергей Шинкарев та ТШО-мен жұмыс істеудің нақты, әрі түсінікті алгоритмін атап өтті.

– ТШО-мен жұмыс істеу процесі көптеген кезеңдерден тұрады. Алдымен, тапсырыс беруші жоба бойынша техникалық құжаттаманы ұсынады. Біздің инженерлер мен мердігер компаниялардың инженерлері оны мұқият зерттеп, техникалық шешім дайындайды. Содан кейін кейбір маңызды мәселелер, ұсынылған шешімді қабылдау немесе жаңасын іздеу жайы талқыланады. Мұның бәрі жобаны орындаушы ұсынған техникалық шешімдерді егжей-тегжейлі пысықтауға, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде тараптар арасындағы ықтимал келіспеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Содан кейін ғана жобаны тікелей жүзеге асыру қолға алынады. Аталған кезеңге тапсырыс беруші, мердігер және жеткізуші тарапынан мүдделі тараптардың барынша көп өкілі тартылады» – деді Сергей Шинкарев.

ТШО-мен ынтымақтастық басқа компаниялармен бірлескен жұмыстан  өзгеше

– Менің ойымша, ТШО-мен ынтымақтаса отырып, біз тап болған ең ерекше жағдай – бұл жобаның техникалық жағының қаржылық жағынан басымдығы. Қазіргі уақытта шешуші сөз қаржыгерлерде және «тиімді менеджерлерде» қалады. Жобаның барлық қатысушыларының өз жұмыстарын сапалы орындауға деген ұмтылысы да маңызды. Ол үшін олар ең жақсы мамандарды тартады және жетекші әлемдік өндірушілердің жабдықтарын пайдаланады. ТШО-мен жұмыс істеу кезінде жобаның басты шарты жабдықтың сенімділігі және оның қажетті параметрлерге сәйкестігі екендігін түсінесің. Жобаны тапсырыс берушіге тапсыра отырып, біз атқарылған жұмысымызды мақтан тұтамыз, сөйтіп, жұмысымызды ТШО-ның меншігіне тапсырамыз. ТШО-мен жұмыс істеу тәжірибеміз басқа да жобаларымызға пайдасын тигізді. Біздің мамандарымыздың менталитеті батыстықтардан түбегейлі ерекшеленеді, олар мақсатқа жету үшін мүлдем басқа әдістерді қолданады. Біз ТШО жобаларын жүзеге асыра отырып, шетелде бұрыннан жалпыға ортақ көп нәрсені үйрендік: құрылымдық құжат айналымы, сызбалар мен құжаттарды ұжымдық талдау, осыған байланысты әртүрлі аралас пәндердің инженерлерін тарта отырып, туындайтын мәселелердің шешімдерін бірлесіп іздеу т.б. Осының барлығы топ ішіндегі байланысты нығайтуға және өзара түсіністікті дамытуға көмектеседі, ой-өрісті кеңейтеді және топтың жеке мүшесінің де, бүкіл инженерлік құрамның да дамуына ықпал етеді.

Жобаны басқару жағынан, әрине, ТШО-ның оң әсері бар, өйткені икемді топ құру мүмкіндік туады, өзіміз бірлескен шешімдер қабылдауға үйренеміз. Жұмыстың маңызды элементі уақытты басқару болып табылады, мұнда жұмысты топ ішінде бөлудің және басымдықтарды белгілеудің маңызы зор. Сайып келгенде, бұның бәрі жобаны жүзеге асыру мерзімін қысқартады», – дейді Сергей Шинкарев.

Бауыржан Кәрімов: ТШО-мен ынтымақтастық – қазақстандық компаниялар үшін даму жолы.

«ТШО жақсы мектеп, олардың деңгейі мүлдем басқа. Өзіндік күрделі тұстары, ерекшеліктері бар. Көптеген мамандықтар Қазақстанда жоқтың қасы, олар енді ғана пайда болып жатыр. Жабдықтары ерекше, технологиясы батыстық, талаптары өте жоғары. Десек те, егер әлдебір компания шынымен де олармен жұмыс істегісі келсе, компанияда және қызметкерлерінде білім алуға, алға жылжуға және жаңа нәрселерді меңгеруге деген ұмтылыс болса, уақыт өте келе олар бұл талаптарға сай болады деп ойлаймын. Әрине, халықаралық стандарттардың бәріне сай болу өте қиын екені рас», – дейді Бауыржан Кәрімов.

 «Energy» КЕАҚ қызметінің негізгі бағыты электрмен жабдықтау желілері үшін жоғары және төмен вольтты модульдік жабдықты жобалау, өндіру және жеткізу болып табылады. Кәсіпорын өз жұмысында өндірістің сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударады. Үздіксіз даму «Energy» КЕАҚ мен ТШО арасындағы табысты ынтымақтастықтың кепілі болды.

«Біз ТШО-мен 2016 жылдан бері бесінші жыл бірлесе жұмыс істеп келеміз. Бізде шетелдік мамандар жоқ, барлығы да жергілікті тұрғындар. Біз оларды шетелде оқыттық. Бұрын тек шетелде ғана шығарылатын көптеген техниканы қазір өзіміз шығарудамыз. Мәселен, тарату панельдері Францияда шығарылатын, қазір өзімізде жасап шығарамыз. Енді жабдықты шетелден сатып алудың қажеті жоқ, оны осы жерде де жинауға болады. Иә, кейбір құрамдас бөліктер шетелден жеткізіледі, бірақ біз құрастыру және біріктіру жұмыстарын Қазақстанда жүргіземіз. ТШО-мен ынтымақтастық елімізде импортты алмастыру саласын дамытуға ықпал етуде. Сонымен қатар, біз өз өнімдерімізбен сыртқы нарыққа да шыға аламыз, қазірдің өзінде бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырудамыз. Жақсы тәжірибе жинақтадық, деңгейімізді, білімімізді, мүмкіндіктерімізді арттырдық, халықаралық компаниялармен жұмыс істеуді үйрендік. Халықаралық стандарттар бірдей және біз сол деңгейде жұмыс істеудеміз. Басқа елдегі «Шеврон» компаниясының бөлімшесімен жұмыс жасасаңыз да, талаптар сондай болатыны хақ»,– деді Бауыржан Кәрімов.

Күрделі міндеттерді шешу қызығырақ – Бауыржан Кәрімов

«ТШО-мен ынтымақтастық өте қызықты. Мен қиын болған сайын одан әрі қызыға түсетін адаммын. Менің ойымша, бұл – даму жолы, бір орында тұрмай, көп нәрсеге үйрететін мүмкіндік. Оңай тапсырмалар жалықтырып жібереді. Қазір біз жаңа – автоматтандыру бағытын дамытудамыз. Басқа бағыттар бойынша да дамығымыз», – деді ол.

Кәсіпорын жұмысының бір ерекшелігі құрылыс алаңындағы өндірістік операциялардың қысқаруында. Сондай жобаның жарқын мысалы – «Теңізшевройл» компаниясы жүзеге асырып жатқан келешек кеңею жобасы. Өндірістік операциялардың көпшілігі мамандандырылған өндіріс алаңдарында жүргізілді, содан кейін дайын модульдер құрылыс алаңына жеткізілді.

Отандық компаниялардың дамуы, олардың әлемдік стандарттарға қол жеткізуі Қазақстан экономикасының дамуын және халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді, – дейді Бауыржан Кәрімов.

«Елімізде экономистер мен заңгерлер өте көп, есесіне жақсы техникалық мамандарды табу қиын. Олардың саны аз, барлығы да үлкен сұранысқа ие. Мен өзім университеттерге барамын, декандармен сөйлесемін, содан кейін жақсы оқитын студенттерді өндірістік тәжірибеге тартамын. Алдымен студенттер тағылымдамадан өтіп, жұмыс істейді, содан кейін оларды оқуға жіберемін. Деңгейлері көтеріледі. Бұл, әрине, Қазақстан экономикасына әсер етеді. Неғұрлым жақсы мамандар көп болса, соғұрлым жұмыс орындары көбейсе, елдегі отбасылардың да жағдайы көтерілері сөзсіз. Сәйкесінше, бюджетке салық та көбірек түседі. Ал, оңды тәжірибе мен білім елде қалады. Біз көптеген тауарларды импортқа шығарамыз. Қазақстанда дәл осындай зауыттар салып, елімізді дамытуға да болады. Қандай да бір қазақстандық компания ірі жобаны қолға алса, онда жұмыс көлемі басқа елге кетпей, Қазақстанда қалады. Біз бұған қабілетті екенімізді бірнеше рет дәлелдеп, ел игілігі үшін жұмыс жасап келеміз», – деп түйіндеді сөзін.

ТШО-ның жергілікті нарықтағы шығыстары және олардың облыстар бойынша әсері

IHS Markit – халықаралық талдау агенттігі жақында зерттеу жүргізіп, мұнай-газ саласынан қандай аймақтар пайда көретінін анықтады. ТШО қызметі негізінен Атырау облысында шоғырланғанына қарамастан, компанияның жергілікті нарықтағы орташа жылдық шығындары Қазақстанның қалған облыстары бойынша бөлінген. Мысалы, жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының 26% жуығы Алматы облысының аймағына және Алматы қаласына, негізінен кәсіби қызмет көрсететін көлік және қойма компанияларына немесе кәсіби қызмет көрсететін фирмаларға бөлінді.

Жоғарыдағы суретте жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының сату белсенділігімен, ЖІӨ-ге қосқан үлесімен және жұмыс орындарымен өлшенетін әртүрлі облыстарға/өңірлерге әсері көрсетілген. Ынталандырылған сатудың жалпы көлемі – бұл ТШО-ның жергілікті нарықтағы тікелей шығындарының және кез келген кейінгі жанама және индукцияланған іс-шаралардың сомасы. Белгілі бір аймақ үшін ынталандырылған белсенділіктің жалпы көлемі жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының шамамен екі еселенген мөлшерін құрайды. Кеңейтілген қамту тізбегі бірнеше аймақтың шекарасын кесіп өтуі мүмкін болғандықтан, ТШО-ны бір аймақта тікелей сатып алу басқа аймақтағы қамту тізбегі бойынша белсенділікті арттыруы мүмкін. Мысалы, Атырауда құрылыс қызметтерін сатып алу нәтижесінде Маңғыстау облысының өндірістік секторында сауда белсенділігін тудыруы мүмкін.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *