Генерал Серік Күдебаев сот үкіміне шағым түсірді
10 жылға сотталған генерал-майор Серік Күебаев апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Жетісу облысының соты хабарлағандай, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы сот үкімімен келіспеген және шағымдануға шешім қабылдады. Апелляциялық шағымды қарау 29 маусымда өтеді.
– Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық істі қарау 29 маусымда сағат 15:00-де Жетісу облысының сот ғимаратында тағайындалды, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.
Бұған дейін Талдықорған қаласының № 71 мекемесі бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері ұсталғанын хабарланған еді.
Еске салайық, Серік Күдебаев 10 жылға сотталды, сондай-ақ полиция генерал-майоры арнайы атағынан және II дәрежелі Даңқ және Айбын мемлекеттік наградаларынан айырылды.
Фото: sputnik
Комментариев пока нет