Илон Маск Қырымды Ресей жері деп тануды ұсынды - Exclusive
Поддержать

Илон Маск Қырымды Ресей жері деп тануды ұсынды

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, американдық миллиардер Илон Маск Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жолын ұсынды.

Ол БҰҰ-ның қатысуымен Украинаның бұрынғы аймақтарында жаңа референдум өткізуге және Қырымды Ресей аумағы деп тануға шақырды. Миллиардер бұл туралы жеке Twitter аккаунтында жазды.

Илон Масктың пікірінше, келісімдер аясында Украина Қырым түбегін сумен қамтамасыз етіп, бейтарап блоктан тыс мәртебені қамтамасыз етуі керек, ал Қырым жері Ресейдің құрамына кіруі керек.

Кәсіпкер жаңа референдумдар өткізілген жағдайда Ресей арнайы әскери операциядан бас тартуы керек екенін атап өтті.

Оған жауап ретінде Владимир Зеленский желі қолданушылар арасында сауалнама жүргізіп, Украинаны қолдайтын немесе Ресейді қолдайтын Илон Масктың қайсысы ұнайды деп сұрады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *