Костенко шахтасындағы апат: 7 адам қамауға алынды
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның Костенко шахтасындағы апатқа байланысты 7 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта шахтадағы апатқа қатысты Бас прокуратураның арнайы прокурорлары ІІМ, ҚМА, ТЖМ және Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің қатысуымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
– Қазір көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпеді деген күдікпен Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық жауапкершілікке 7 адамнан тұратын шахтаның басшылығы мен инженерлік-техникалық құрамы тартылып жатыр. Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабына сәйкес күдіктілер Қарағанды облысындағы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп жазылған хабарламада.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет