Нәлібаев журналистерден не үшін «қашқанын» айтты - Exclusive
Поддержать

Нәлібаев журналистерден не үшін «қашқанын» айтты

Қызылорда облысының әкімі елордалық журналистердің сұрақтарына неге жауап бермегенін түсіндірді.

Бұған дейін желіде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәжіліс ғимаратынан асығыс шығып кеткені туралы видео пайда болған. Журналистер оған бірнеше сұрақ қоюға тырысты, бірақ әкімнің назар аудармағаны байқалады.

Кейін Нұрлыбек Нәлібаев Facebook-тегі парақшасында жағдайға түсініктеме берді.

– Бүгін Парламент Мәжілісіндегі тыңдауға қатыстым.
Жиын аяқталардан 15-20 минут бұрын сұранып, келесі іскерлік кездесуіме асығыс шығып кеттім. Маған бетпе-бет ешқандай журналист тікелей қаратып сұрақ қойған жоқ. Алайда, баспалдақта менен өзге де адамдар болғандықтан, артымнан атымды немесе қызметімді атап қойылған сауалды естімегеннен кейін, кешігіп бара жатқан кездесуіме жылдам жүре бердім, – деп жазды Қызылорда облысының әкімі.

Сонымен қатар, Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен қол сағаты туралы айтты.

– Соңғы уақытта бірқатар әлеуметтік желілерде менің ескі 2016 жылғы суретімде көрсетілген сағатқа қатысты журналистер тарапынан қызығушылық туындаған секілді. Негізінен, бұл сағатты ертеректе алғанмын. Менің мемлекеттік қызметке дейін 10 жылға жуық бизнес саласында жүргенімді өмірбаянымнан көре аласыздар. Сондықтан бұл мәселеде жасырын ештеңе жоқ деп ойлаймын және әрдайым БАҚ өкілдерінің сауалдарына ашық жауап беруге дайынмын, – деді ол.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.