Пашинян ҰҚШҰ бітімгерлерінің тиімділігіне күмән келтірді - Exclusive
Поддержать

Пашинян ҰҚШҰ бітімгерлерінің тиімділігіне күмән келтірді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян халыққа Жолдау жариялап, Арменияның сыртқы қауіпсіздік жүйесінің тиімсіздігі туралы мәлімдеді. Сондай-ақ Ресей бітімгершілік контингентінің мақсаттары мен уәждеріне күмән келтірді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Соңғы жылдары Арменияға қарсы жасалған Әзербайжан шабуылдары сыртқы қауіпсіздік жүйелері Армения Республикасының мемлекеттік мүдделері мен қауіпсіздігі тұрғысынан тиімсіз деген айқын тұжырымдарға әкеледі. Бұл тұрғыда өзара тиімді қадамдарға дайын барлық серіктестермен ынтымақтаса отырып, сыртқы және ішкі қауіпсіздік құралдарын өзгерту, толықтыру қажет, – деді Пашинян.

Рим статутын ратификациялау туралы пікір білдірген Пашинян ҰҚШҰ мен армян-Ресей әскери ынтымақтастығының құралдары Арменияның сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екенін айтты.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *