ШҚО: Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петиция жарияланды
Шығыс Қазақстан облысындағы Лениннің ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петиция жарияланды. Петиция авторы Ленин өмір бойы кез келген ымыраға келу идеясын түбегейлі жоққа шығарып, мәселені шешудің тәсілі ретінде зорлық-зомбылық принципін жақтағанын алға тартты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Ол КСРО-ны көптеген халықтардың сүйегі мен қанына толтырды, қазақтарды да қырып-жойды. Соның ішінде ашаршылық, қуғын-сүргін, жер аудару, Семей полигонындағы ядролық сынақтар, кеуіп қалған Арал теңізін айтуға болады, – деп жазылған петицияда.
1962 жылы ашылған ескерткіш бюджеттен бөлінген 1,5 млн теңгеге жөнделетіні айтылған болатын. Кейін оған жүк тиегіш көлік тиіп кетіп, ескерткіш тағы да бүлінді.
Фото: ашық дереккөз
1 Комментарий
Упырю памятник кто своротил надо медаль дать, а ватные уроды хотят его восстановить!