English version

Скляр Алматыдағы жер сілкінісі қаупі туралы айтты

Контекст дня — 17 февраля 2023 15:35
0

Түркиядағы алапат жер сілкінісінен кейін қазақстандықтар Алматы мен Алматы облысының сейсмикалық жағдайына алаңдаулы.

Бұл сұраққа қатысты Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр жауап берді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Сенат депутаты Сергей Ершов парламенттік тыңдауда Алматыдағы жер сілкінісінің қаупі туралы мәселе көтерді.

– Алматыға келетін болсақ, бізде қазақстандық құрылыс және ҚазҚСҒЗИ деген жалғыз институт бар. Ол сейсмикалық аймақтағы ғимараттарды жобалау мәселесінде жұмыс істейді. Олардың сараптамасы бойынша бізде салынған нысандар құрылыс нормаларына сәйкес келеді. Менің ойымша, қазір алаңдауға негіз жоқ, – деді Скляр.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.