Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тағайындалды - Exclusive
Поддержать

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғауез Нұрмұхамбетовты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Ақорданың ресми хабарламасында.

Ашық дауыс берудің нәтижесінде 56 депутат Сәтжан Аблалиевке, ал 118 депутат Ғауез Нұрмұхамбетовке дауыс берді. Жиналысқа барлығы 174 депутат қатысқан.

Президент Әкімшілігінің Басшысы өңірді дамытуға қосқан үлесі үшін бұрынғы облыс әкімі Айдарбек Сапаровқа алғыс айтты.

Фото: senate.parlam.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *