Тимур Құлыбаевтың тағы бір соңғы әрі арсыз әрекеті
Тимур Құлыбаев тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де өзіне жіті назар аударылып отырғанына қарамастан, активтерінен арылуын одан әрі жалғастыру үстінде. Мұндай әрекеттерін ол ашық әрі қарсылық білдіру сарынында жасап отыр. Алайда стратегиялық активтердің Ресейдің бақылауына өтуі –жаныңа қатты бататыны бесенеден белгілі құбылыс.
Құлыбаевтың «қамқорлығы»
Әуелі оқиғаның мән-жайын рет-ретімен баяндап шықсақ. «Қамқор» («Забота») компаниялар тобы – теміржол көлігі саласында түрлі қызметтерді жүзеге асыратын холдингтік компанияның бір түрі саналады. Оның құрамына 2014 жылы Құлыбаевтың кіші серіктесі Яков Цхай арқылы «үнсіз ғана» жекешелендіріліп алынған он шақты компания кіреді (бірнеше жылдан кейін Цхай сатып алған компанияларды өзінің «ағатайына» тапсырған-ды). Әдеттегідей, мұндай әрекеттер мемлекет пайдасына да, біз бен сіздің мүддеміз үшін де жасалмағаны белгілі, сөйтіп бірыңғай пакет ретінде 19 миллиард теңгеге сатылып кете барған. 11 мәнді цифрға таңғалып қалмаңыздар, өйткені тек бір ғана фирманың өзі, атап айтқанда «Қамқор Локомотив» ЖШС 2016 жылы 43 300 000 000 теңге, ал өткен жылы – 35 миллиард теңге көлемінде таза табыс тапқан. Мәселе төркінін бағалап, пайымдай беріңіз. «Форбс» деректеріне сүйенетін болсақ компанияны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жеке өзі ғана бағалаған болып шықты. Самұрық-Қазына» ҰӘҚ холдингтің бір ғана құрылымы екенін қайталап айтамыз, сондай-ақ аталған құрылымның дүние-мүлкі мемлекет меншігінен тыс меншік болып табылатынын және сіздер мен біздер оның қызметтерін (бюджет, салық, билет бағасы және басқа тарифтер арқылы) төлеп жатқанымызды естеріңізге сала кетеміз. Ал компания шын мәнінде нарықтағы монополист бола отырып, локомотивтерді жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатыны белгілі. Компанияда еліміз бойынша шамамен 5000-ға жуық қазақстандық жұмыс істейді, бұған олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ қосымша табысы бар адамдарды қоссаңыз, онда бұл санды он мыңға дейін оңай арттыруға болатыны сөзсіз. Басқаша айтқанда, бұл– «Қазақстан темір жолының» бойында орналасқан көптеген елді мекендер мен түйіспе станциялар үшін «қала құраушы кәсіпорын» болып саналатыны белгілі.
Аталмыш топтың тағы бір құрылымы – «Қамқор Вагон» ЖШС-і тауар вагондарын жөндеу, техникалық және профилактикалық қызмет көрсету нарығындағы нақты монополист болып табылады. Өзге «еншілес» компаниялардағы жағдай да шамамен осыған ұқсас. Қалай болғанның өзінде де аталған топтың бір жағынан, стратегиялық саламен айналысатындығы және елдің (және экономиканың) қауіпсіздігі оның қызметіне тікелей байланысты екендігі бесенеден белгілі, ал екінші жағынан алғанда біздің ондаған мың отандастарымыздың өмірі мен тағдыры тура мағынасында топ қызметінің тұрақтылығы мен тұрақсыздығына байланысты деп толық айта аламыз. Ендігі жерде осындай баға жетпес қазынаның солтүстік шекараның арғы бетіндегі өте күмәнді тұлғалардың қолына өтіп жатқаны қынжылтатыны рас.
Санкцияларды айналып өту
Жалпы, Тимур Құлыбаевтың теміржол активтерін ресейліктерге сату ниеті жайлы ақпан айында айтыла бастаған-ды. Алайда Украинаға басып кіруден бір-екі апта уақыт бұрын, көптеген адамдар – осыған дейін бірқатар лауазымдарынан айырылған Тимур Асқарұлы қолымдағы барымнан айырылып қалам ба деген желеумен, дүние-мүлкінен құтылып жатыр деп ойлаған болса керек. Ықтимал сатып алушы, яғни «Трансмашхолдинг»АҚ (ТМШ) туралы айтар болсақ, кәсіпорын отандық жаңалықтар легінде, оның ішінде «Тұлпар-Тальго» зауытының 99 пайыз үлесін сатып алу барысында бұл уақытта көрініп үлгерген-ді. Иә, иә – зауыт бірталай уақыттан бері Қазақстандық-Испандық бірлескен кәсіпорын ретінде саналмайды, шын мәнінде вагон шығаратын ресейлік компания болып табылады (айтпақшы, Тверь вагон жасау зауытының технологиясы бойынша). Тақырыптан сәл ауытқыған тәріздіміз, алайда мұның баяндап отырған оқиғаға да қатысы болғандықтан айтып отырған жайымыз бар. Шындығын айтсақ, сол кезде «Камқор» коммерциялық құпияны алға тартып, Orda.kz сайтындағы әріптестерімізге жауап бермеген еді. Осындай жағдайлардан кейін соғыс басталып кетті. ТМШ Батыс (нақты айтқанда Ұлыбритания) санкцияларына ұшырады, сөйтіп акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы әрі ірі акционерлерінің бірі саналатын Андрей Бокарев, Путинге жақын олигарх ретінде санкциялар тізіміне ілікті. Осылайша мәміле бұзылу қаупіне ұшырай бастады, дегенмен оны айналып өтудің әрқашан өзіндік жолддары болатыны белгілі. Бұл жолы санкцияны айналып өту Кипр арқылы іске асырылды. Бәлкім, біз оқырманды Teletyp.in зерттеуші- журналистері анықтаған айналма жолдардың егжей-тегжейлі жолдарымен жалықтырмайтын болармыз, алайда көзге жалпы елестетіп көру үшін бірнеше нұсқаларын көрсетуді жөн санап отырмыз.
Құлыбаевтың мүлкін көпшілікке беймәлім Алексей Лебедев есімді адам сатып алған, тіпті ресейліктердің өздеріне белгісіз тұлға, бір белгілісі «Ресей темір жолының» (РЖД) бұрынғы топ-менеджері болған және қаржы мәселесіне жауап берген. Егер ашық дерекөздерді байыппен, табандылықпен зерделейтін болсаңыз, жоғарыда аталған Бокаревке қатысты және «Трансмашхолдингтің» басқа да ірі акционерлері жайлы біраз мағлұматты көзіңіз шалатын болады. Қысқа қайырып айтқанда, айналып өту схемасын әзірлеушілер өздерінің іздерін жасыруға көп алаңдай қоймаған тәрізді. Осылайша олар тікелей TМШ арқылы және тек TМШ-ның сыртқы формасы үшін шарттылық, рәсімділік үрдістерін сақтау мақсатында сатып алмаған сияқты. «Қайталама санкцияларды» енгізуге дәлел, себеп-сылтаулардың болмауы үшін, тым құрығанда қандай да бір ойластырылған тетіктерді әзірлеп, іске асыру схемасын барынша күрделендіріп, қиындата түсуге болар еді ғой? Ендігі жерде қазақстандық фирмалардың басында да осындай күн туындап отырғанын жақсы білеміз. Іс-қимыл әрекеттерін жасауға бірталай мүмкіндіктер болды ғой. Бәлкім уақыт тапшы болған шығар. Неліктен мұндай асығыстыққа барды? Бұл туралы сәл кейінірек айтатын боламыз.
Біріншісі неге үнсіз?
Әзірге, бір сәт кейіпкерімізге қайтып оралсақ. Тимур Құлыбаев жеке (атаулы) санкциялардың кімге қатысты енгізілетіні жөнінде пікір таластыратын бірінші отандасымыз құқына ие болу үшін, тіпті зейнеткер-қайын атасымен де дауласа алады десек, үлкен құпияның бетін ашпайтын шығармыз. Егер Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстаннан шыққан клептократтар тізімін бастап, сондай-ақ бір уақытта оның байланыстырушы буынына айналатын болса, онда Тимур Асқарұлы батыс үкіметі нақты содан бастау үшін қолынан келген істің барлығын жасауды жалғастыру үстінде. Бұған себеп-сылтаулар жетіп жығылады, бірқатар мән-жайлары туралы соңғы жылдары жазылып та жүр. Мәселен, 2021 жылдың мамыр айында Құлыбаевтың есімі санкциялық шектеулердің ықтимал алушысы ретінде алғаш рет АҚШ Конгресінде айтылған-ды. Сол кезде конгрессмен Томпсон әріптестерінің назарын Қазақстанның бұрынғы президентінің күйеу баласының қызметіне аударған еді.Мәселен, алдын ала әзірленген схемалар туралы баса айтылды. Осындай ойластырылған жоспарлар арқылы Құлыбаев Орталық Азия мен ҚХР арасындағы газ құбырына қатысты келісімшарттар бойынша ондаған миллион доллар алуы әбден мүмкін деген болжам да жасалды. Томпсон мырза осыдан бірнеше ай бұрын FinancialTimes-де даулы басылымға сілтеме жасағаны белгілі, ал Қытайға баса назар аударуы кездейсоқ құбылыс сияқты көрінбейді, себебі – Вашингтон мен Пекин арасындағы сауда-саттық соғыстары күшейе түскені баршаға аян, ал Тайвань төңірегіндегі жағдайдың ушығуы бұрынғы істерді қайта жандандыруы әбден мүмкін. «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бұғаттаушы акциялар пакетін сату бойынша мәміле жағдайын тексеру қажеттілігі туралы Elge Qaitaru қорының тың әрі жаңа мысал-мәлімдемесі де мұның айқын дәлелі. Тимур Құлыбаевтың «қарбалас қызметіне» көптеген дәлелдер келтіруге әбден болады, соның ішінде бұған дейін де 2010 жылы Мұхтар Әбіләзовке қатысты жасағандай («МаңғыстауМұнайГаздың» айналасындағы ашылмаған алаяқтық бойынша) ресми тергеуді бастамақ болғандары мұның айқын дәлелі. Негізінде барлығын есте сақтау мүмкін емес. Алайда «жаңа Қазақстанның» құқық қорғау органдары жемқорлық пен қаржылық қылмыстың белгілері айқын байқалып отырса да, мұның бәріне көз жұмып қарауды одан әрі жалғастыруда. Неліктен? дейсіздер ғой. Мұның түп төркінінде «ескі Қазақстан» өкілдерімен қандай да бір уағдаластықтың болғанын айқын аңғаруға болады, белгілі бір келісімдер болған тәрізді жауаптардың қылаң беретені анық. Алайда шындығына келгенде, яғни іс жүзінде оқиғаның соншалықты қарапайым еместігін жақсы білеміз. Оның үстіне мұндай жағдайда біз қаражат табудың соңғы мүмкіндіктері, сондай-ақ қарапайым активтерді бостан босқа шашып-төгу жайында емес, мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі іс-әрекеттер туралы айтып отырмыз. Бұл жерде, шамасы, Ақорда мен Кремль деңгейінде белгілі бір уағдаластық-келісімдер болған сияқты, өзге де мәселелер жайында да осындай қорытындыға келуге әбден болады, бірақ бұл ретте бүгінгі күні Тимур Құлыбаевты қылмыстық жауапкершілікке тартқысы келетіндер үшін ол қол жеткізбес арман болып қалатынын мойындауымыз керек.
Меншікті мемлекеттендірусіз
Түптеп келгенде, Құлыбаев өзінің теміржол активтерін санкцияға іліккен ресейліктерге неліктен сатты? деген заңды сұрақ туындайды. Ресей тарапы алдын ала жаслаған, соғысқа дейінгі келісімдерді басшылыққа алып әрекет етті деген болжам жасауға болады. Оның үстіне Құлыбаев әлдеқашан белгілі бір көлемде алдын ала төлем алған болса, біз бұған таңдана алмаймыз, өйткені оның соңғы уақытқа дейін «Газпром» директорлар кеңесінің мүшесі болғанын және Қазақстандағы «орыс бизнесі» жетекшілерініңбірі болып саналатынын естен шығармауымыз керек. Оның үстіне ОК немесе ортаң қолды кәсіпкерлер қатарынан емес, әлдеқайда маңызды қозғалыстардың құрамынан табылатын тұлға. Ресейге санкцияларды айналып өту үшін жоғарыда аталған олқылықтардан басқа, соңғы уақытта өзін таныта бастаған және логистиканың, оның ішінде теміржол арқылы балама жолдарын іздей бастаған «кіші інісіне» экономикалық бақылау орнатуы қажет.
Әрине, Тоқаев шетелге шыққан әр сапарында немесе мәртебелі қонақтармен кездескен кезде (мәселен, Тбилисиден келген қонақтармен) жаңа көлік дәліздері туралы айтатыны белгілі, тіпті оларды нақты сипаттап та беріп жүр. Мәселен, Пешавараға дейінгі теміржол желісін орнатамыз делік (Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл туралы Шолпан-Атада айтқан болатын), алайда жылжымалы құрамды кім қадағалап отырады дейсіз ғой, әрине сөз жоқ ресейлік «серіктестер» бақылайтын болады, ал олардың жаңа мүмкіндіктерді қалай игеретіні әлі де болса үлкен мәселе. Тіпті ел ішінде де, айталық, көмір тиелген вагондардың құрсауда қалуы, бірнеше күннің ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды ушықтырып, оны әлеуметтік-саяси бағытқа оңай айналдырып жіберуі әбден мүмкін. Еліміздің жоғарғы басшылығы құзырлы органдардың басшыларымен бірге Құлыбаевтың активтерді заңсыз сатумен байланысты осындай және өзге де көптеген тәуекелдерін жақсы сезінеді дегенге сенгіміз-ақ келеді. Егер мұндай жағдайды түсініп отырған болса, онда Ресеймен жоғары деңгейде жасалған белгілі бір келісімдерге байланысты қандай да бір қарсы іс-шаралар қабылданбай жатыр деген тұжырым жасауға әбден болады.
Бәлкім, олар белгілі бір келісімдер жайлы уағдаласқан болар,– мәселен, Тимур Асқарұлы Қасым-Жомарт Кемелұлына экстремизмді қаржыландырмауға (мемлекеттік төңкерісті керісінше оқы ) және «Назарбаев кланынан» аулақ жүруге уәде берген де шығар, сондай-ақ бұл оның соңғы ісі, оны қайткен күнде де аяқтау қажет екеніне сендіруі де әбден мүмкін.
Әрине, әзіл-қалжың, бірақ наурыз айында Президент Тоқаев монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрғанын еске түсіретін кез келді, комиссия қызмет бағыттарының ішінде «темір жол инфрақұрылымы саласындағы негізсіз жекешелендірілген объектілерді мемлекет меншігіне қайтару» көзделген болатын. Негізінде, «Қамқор» компаниялар тобы аталған комиссияның назарына оңай ілігуі мүмкін еді, алайда не назарға алынбады, не болмаса комиссия бастапқыда ондай мақсат қоймады. Қалай болғанда да, бұл уақытта сату процесі басталып кеткен деп айтуға толық негіз бар және жоғарыда атап өткеніміздей, алдын-ала жасалған келісімдер кез келген жекешелендіру әрекеттерінен жоғары тұрған. Құлыбаевтың теміржол активтерімен мұндай әрекеттер мүмкін болмай, іске аспады. Бұл Тимур Асқарұлының жүзеге асырған соңғы әрекеті және ол бұдан былай қылмыстық жазаға негіз болмайды деген үміттеміз.
Алайда мұндай құқық бұзушылықтың ескіру мерзімінің болмайтыны белгілі.
Комментариев пока нет