«Қазақстандық атом электр станциялары» кореялық компаниямен меморандумға қол қойды - Exclusive
Поддержать

«Қазақстандық атом электр станциялары» кореялық компаниямен меморандумға қол қойды

«Қазақстандық атом электр станциялары» кореялық ядролық технологиялар компаниясымен меморандумға қол қойды. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2022 жылғы 28 маусымда Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов бастаған қазақстандық делегация мен Оңтүстік Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ядролық технологияларды жеткізуші – Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) компаниясы арасында кездесу өтті. Кездесу барысында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен KHNP арасында атом энергетикасын дамыту саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, – делінген ресми хабарламада. Қазақстан тарапы меморандумға қол қою Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы атом энергиясын дамыту саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді деп күтеді.Оңтүстік кореялық KHNP компаниясы Оңтүстік Кореяның 24 АЭС-іне иелік ететін және басқаратын KEPCO еншілес ұйымы болып табылады. АЭС қуаты бойынша KHNP әлемде 3-ші орында және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуден бастап, АЭС салу және пайдалануға беруге дейін станция конструкцияларын түрлендіру мен жетілдіру бойынша техникалық көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта KHNP Біріккен Араб Әмірліктерінде APR-1400 реакторлары бар Барак АЭС-нің 4 энергия блогын салу бойынша жобаны іске асыруда, оның екеуі 2020-2021 жылдары пайдалануға берілді, – деп нақтылады Қазақстанның Энергетика министрлігінде.

Фото: Энергетика министрлігі




1 Комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.