Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері азайды - Exclusive
Поддержать

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері азайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың 7 айында қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 169,4 миллиард теңге жұмсалды.

Еске салайық, шілде айында базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 469 теңгені құрады.

– 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 247 мың адамды құрайды. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңгені құрады, – делінген хабарламада.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *