Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сатып алуды және ақшаларын депозитте ұстауды неліктен жөн санайды - Exclusive
Поддержать

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сатып алуды және ақшаларын депозитте ұстауды неліктен жөн санайды

Қазақстандықтардың жинаққа жаны  құмар, алайда жиған-терім  бір айдан асар аспас уақытқа ғана жетіп жығылады екен. Ал ел тұрғындарының жартысынан көбінің мүлде жинағы жоқ. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікті сатып алу және теңгедегі банктік салымдар анағұрлым тиімді жинақ саналып отыр.

Бюджет үлкендердің қолында

Freedom Finance Global Қазақстан халқының жинақ деңгейіне ненің әсер ететіні туралы зерттеу жүргізген. Нәтижесі біз күтпеген болып шықты. Сауалнамаға 18 және одан жоғары жастағы Қазақстанның 3035 тұрғыны қатысқан. Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығының отбасылық бюджетті өздері жүргізетіні анықталды (45%). Ерлі-зайыптылардың үштен біріне жуығы қаржыға бірлесіп иелік етеді екен. Бұл ретте, жеке бюджетті көбінесе 55 жастан асқан (52,1%), жалдамалы жұмыс істейтін респонденттер және отбасының бір мүшесіне 250 000 теңгеден және одан да көп табысы бар кәсіпкерлер (тиісінше 50,2% және 50,8%) иелік ететін көрінеді.

Айта кетерлігі, жеке шығындардың есебін тұрақты жүргізіп отыратын респонденттер арасында 25-34 жастағы жастардың саны басым және сауалнама жүргізілгендердің ең жас тобы — 55 жас және одан жоғары (тиісінше 39,2% және 37%). Бұлар өз материалдық жағдайын «өте жақсы» және «орташадан жоғары» деп бағалайтын жандар (тиісінше 59,2% және 44,4%). Сондай-ақ, өңірлер бойынша есепке алуды көбінесе Алматы мен Астана тұрғындары жүргізеді (тиісінше 40% және 39,9%), онда өмір сүру деңгейі жоғары.

Жеке қаржыны есепке алудың ең танымал тәсілі банктік қосымшаны пайдалану, онда респонденттер өздерінің банк карталарынан шығыстарды талдай алады (63,2%). Өз шығыстарын қадағалаушылардың ішінен сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі жасалған сатып алулар үшін жиналған чектерді негізге ала отырып, есептеулер жасағанды жөн көреді (34%). Респонденттер арнайы веб-сайттарды немесе қосымшаларды аз пайдаланады (12,5%), әрбір оныншы респондент (8,8%) жауап бере алмады.

Дейтұрғанмен, қазақстандықтардың төрттен үш бөлігінің соңғы жылдары жоқ дегенде бір рет болсын шығыстарының кірістерден асып кеткен жағдайлары (75,3%)  орын алған. Көбінесе бұл ауыл тұрғындары (79,6%), ажырасқан (79,9%), балалары бар (78,1%) және бала күтімі бойынша декреттік демалыста жүрген респонденттер (83%) болды. Мұндай жағдайда біздің азаматтар көбінесе достары мен туыстарынан қарыз алып (36,7%) немесе өз жинақтарын пайдаланған (34,3%).  Мұндай сәттерде сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші  адам қосымша табыс көзін іздеп көрген (21,6%). Сұралғандардың үштен бірі кредит алу қызметтеріне жүгінген, бұл ретте қазақстандықтар банкке микрокредиттік ұйымдарға (16,4%) қарағанда қарызға аз (18,2%) жүгінеді, бұл мұндай қызметтердің танымалдығын білдіреді. Респонденттер коммуналдық/басқа да міндетті төлемдерді (6,5%) және кредиттер мен бөліп төлеу бойынша төлемдерге (5,6%) өте сирек жүгінеді.

Егер кірістер шығыстардан асып кетсе, онда сауалнама алынғандардың 75,6%-ы ақшаны ағымдағы мұқтаждықтарға (32,5%), қарыздарды өтеуге (27,6%), ірі сатып алуларға (16%) жұмсайтын көрінеді. Тек үштен бірі ғана қаражатты «бір жағдайлар болып қалғанда» кәдеге жаратамын деген. Көбінесе бұл Алматы және Астана тұрғындарына тән (сәйкесінше 42,4% және 43,8%), білімі бар (аяқталмаған жоғары/жоғары білімі — 41,9% және ғылыми дәрежесі — 40,6%) және кірісі 150 000 теңгеден болатын респонденттер (айына отбасының бір мүшесіне кірісі 150 001-250 000 теңге — 40,9%, 250 001-350 000 теңге — 47,3%, 350 001 асатын  (46,4%) адамдар құраған.  Осылайша, білім беру неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым орнықты болады деген сөз.

Отбасылы жандар жалғызбасты адамдарға қарағанда үнемдеуге бейім келеді

Дегенмен, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (82,5%) ақша жинағы қажет дейді, алайда мұны тек 37,2% ғана жүзеге асырады және 52,1% соңғы 12 айда қаражаттарын жинаған көрінеді. Бұл жерде отбасылық респонденттер серіктесімен тұратын/азаматтық некеде тұратын (56,7%) адамдарға қарағанда жинақ ақшаны (47%) жинауға көбірек бейім. Бірақ респонденттердің көпшілігіне жинақ бір айдан аз уақытқа ғана жетіп жығылады. 55 жастан асқан респонденттер арасында жинақтары ұзақ уақытқа (жылдан) жететіндердің үлесі айтарлықтай жоғары — 11,8%. Бірақ 16-24 жас аралығындағы жастар жинақ ақшаны қалыптастыру тиімсіз деп есептейді.

Қазақстандықтардың үштен бірінен астамы қазіргі уақытта жинақтарды ұлттық валютада сақтау тиімді деп есептейді (36,7%). Бірақ әрбір төртінші респондент (25,8%) валютада жинауды жөн көреді. Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылдың 1 наурызына жеке тұлғалардың 22% -ға жуығы долларлық депозиттерді ұстаған. Теңгеге 55 жастан асқан адамдар (44,5%) және орташа табысы бар респонтенттер көбірек сенеді — отбасының бір мүшесіне айына 150 000 — 250 000 теңге (43,4%). Ал екі басқаланың жастары мен тұрғындары жинақтарын шетел валютасында сақтауды таңдайтын көрінеді.

Бұл ретте, сұралғандардың төрттен бірі теңгенің нығаюына қарамастан, олардың жалпы теңгеге деген қарым қатынастарының нашарлағанын (25,2%) айтады. Ұлттық валютаға сенетіндердің үлесі аз — 8,5% құрады.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкінің тарихи деректері көрсетіп отырғандай, жеке тұлғалардың салымдары құрылымындағы шетел валютасының үлесі жылдар өткен сайын төмендеп келеді. Егер 2020 жылдың басында теңгенің долларға арақатынасы 45-ке 55% -ды құраса, 2024 жылдың 1 наурызына қарай ол 22-ден 78% -ға артқан.

Жинақ ақшаны сақтайтын банктер

Ұлттық банктің ресми деректері бойынша, ҚР-дағы депозиттер көлемі бойынша 2024 жылдың 1 сәуіріне қарағанда Халықтық банк бірінші орынды иеленген, жеке тұлғалардың салым көлемі 5,71 трлн теңге. Kaspi Bank жеке тұлғалардың 4,94 трлн теңгелік нәтижесімен оған 13% -ға төмен. Алайда Kaspi Bank жинақтарды сақтау үшін ең көп сұранысқа ие банк (63,7%) ретінде танылып отыр, ал Қазақстан Халық банкі екінші орынды — 31,9% иеленді.

Халық банкі ауыл тұрғындары арасында анағұрлым танымал банк, ал Kaspi Bank 250 000 теңгеден 259 000 теңгеге дейінгі табысы бар салымшылар тобы арасында жоғары сұранысқа ие-87%, бұл орташа деңгейден 23%-ға жоғары. Сонымен қатар, жалпы танымалдығы төмен екі банк  Home Credit Bank (20%) және ForteBank (20%) салымшылардың ең жоғары табысты тобында жоғары сұранысқа ие.

Жас ересектер тобында (25 жас — 34 жас) жылжымайтын мүлікке ақша жинайтындардың көбі — 29%. Жастар арасында (18-24 жас) демалуға, ойын-сауыққа және саяхатқа (22,3%) және қымбат заттарға (18,2%) ақша шығындайтындардың қарасы көп.

Көбінесе қамтамасыз етілмеген қазақстандықтар, атап айтқанда тек тамаққа ғана (41,8%), тек тамақ пен киімге ғана (48,1%) ақша жететіндер жинақтарын  кейін бір кәдеге жаратармыз дейді. Осы санаттағы адамдар күтпеген жағдайларда ақшаны кейінге қалдыру бойынша көш бастап тұр — тиісінше 37,4% және 31,2%.

Көбінесе автомобиль сатып алуға мүмкіндігі бар адамдар және байлар ақшаларын білімге құяды, алайда тамаққа ақша жеткілікті бола бермейтін өте кедей респонденттер арасында бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары — 16%.

Демалу, ойын-сауық және саяхатқа көбінесе автомобиль сатып алуға шамалары жететін, бірақ жылжымайтын мүлік сатып алуға шамасы жоқ жандар құяды, яғни орта сыныптың жоғарғы сегменті — 30,1%.

Жинаққа қажетті табыс көзі

Респонденттердің жинақ жасауға жеткілікті деп есептеген табысының орташа мәні 684 000 теңгені құрайды. Бұл респонденттердің үй шаруашылығына (отбасына) айлық табысының орташа көрсеткішінен шамалы ерекшеленеді, яғни 704 000 теңге.

Салымдар үшін қажетті табысты бағалау ерлер үшін едәуір жоғары (772 000 теңге) (әйелдер үшін — 599 000 теңге).

Жас мөлшері бөлінісінде ең жоғарғы «кіріс шегін» 18-24 жас аралығындағы жастар құрапотыр (842 000 теңге), олардың пікірінше, салымдар үшін бір айда айлық табыстарынан екі есе артық табыс табу қажет.

55 жастан жоғары санатта бұл көрсеткіш мейлінше төмен (527 000 теңге). Бұдан басқа, жинақ үшін табыстың нақты айлық табысына қатынасының ең төменгі коэффициентін (0,3) құрап отыр.

Қалалықтар үшін жинаққа қажетті орташа табыс (660 000 теңге) ауылдық жерлердегі тұрғындарға қарағанда төмен (780 000 теңге).

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың пікірлеріне қарағанда, қаражат салудың ең сенімсіз тәсілдері криптовалюталарды сатып алу (30,2%), қымбат заттарды сатып алу (29,1%), қолма-қол ақшаны әдеттегі банк шотында немесе картада сақтау (23,8%). Бірақ респонденттер зейнетақы аннуитеті бойынша сақтандыру сатып алуларды неғұрлым тиімсіз деп есептейді (28,6%).

Респонденттердің пікірінше, неғұрлым тиімді салымдар — жылжымайтын мүлікті сатып алу (38,1%), теңгедегі банктік салымдар (38%), алтын және басқа да бағалы металдарды сатып алу (25,5%). Білім көкжиегі неғұрлым төмен болған сайын, респонденттер соғұрлым қолма-қол ақшаға салымдарды немесе қаражатты картаға немесе банк шотына орналастыруды тиімді деп бағалайды. Бастауыш білімі бар респонденттер арасында бұл үлес 52% -ды құрайды. Білім деңгейі жоғары болған сайын, респонденттер алтын мен бағалы металдарды сатып алуды тиімді салым ретінде қарастырады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдардың бұл нұсқаны таңдағандардың үлесі 45% -ды құрайды.

Қазақстандықтардың жартысынан астамының IPO дегеннен хабары жоқ

Бизнесті дамыту үшін инвестициялар тартудың мұндай құралын сауалнамаға қатысқандардың тек 20,4%- ғана білетін болып шықты, оның үстіне олардың көпшілігі жалпы сипатта (14,2%) және сауалнамаға қатысқандардың аздаған бөлігі ғана мұндай құрал жайлы сәл хабары бар, алайда оның не екенін білмейді (17,7%).

IPO-ның не екенін білетіндер арасынан сұралғандардың төрттен үшке жуығы   қазақстандық компаниялардың акцияларын бастапқы орналастыру үрдісіне қатысқан жоқ (72,1%). Қор нарығында бастапқы орналастыруды жүзеге асырған компаниялардың акцияларын сатып алғандардың үлесі небәрі 26,6%-ды құрады. Сауалнамаға қатысушылардың арасында көбінесе респонденттердің материалдық жағынан қауқарлы тобы көптеп кездеседі (деректер массиві бойынша орташа алғанда 55,9%, 26,6-пен салыстырғанда). Көбінесе «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (60,6%), Air Astana (49,7%) және KEGOC АҚ (43,6%) акциялары көптеп сатып алынған. «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ акцияларын сатып алғандардың үлесі айтарлықтай төмен — сәйкесінше 26,1% және 24,8% шамасында.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.