«Өлім жазасына да келісемін»: Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты - Exclusive
Поддержать

«Өлім жазасына да келісемін»: Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты

Бүгін Астанадағы Байқоңыр ауданының № 2 сотында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Сот залында Арыстанбек Мұхамедиұлынан бөлек оның орынбасары Алмаз Нұразхан, «Экспонат» мердігерлік ұйымы директорының орынбасары Азамат Көшенов және компанияның бухгалтері Айым Сәдуақасова болды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы өлімнен ұят күшті екенін айтып, ұрлық жасады деген айыпқа келіспейтінін жеткізді.

– Мен кез келген жазаға, тіпті ату жазасына да келісемін, тек ақша жымқыру емес. Қазақтың керемет мақалы бар. Өлімнен ұят күшті. Айыптау актісінің жаңа тұжырымында прокурор ұрлық пен қастандықтың бірде-бір фактісін келтірмеген. Сонымен қатар, айыпталушылар тарапынан заңсыз әрекеттер болған жоқ, – деді бұрынғы министр.

Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы ұсталған еді.

Фото: Азаттық




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.