Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс туралы пікір білдірді - Exclusive
Поддержать

Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс туралы пікір білдірді

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Әбдірахымовтың айтуынша, оған құқық қорғау органдарынан ешқандай хабарлама келмеген.

– Шынымды айтсам, ешқандай іс туралы хабарым жоқ. Ешкім ешқайда шақырған жоқ, маған ескертпеді. Әлеуметтік желіде жазылғандар бос сөз. Бұған менің еш қатысым жоқ. Бұл не үшін жасалғанын білмеймін. Ол адам – қарапайым кәсіпкер. Мен көп кәсіпкерді білемін. Бірақ ол адаммен ешқандай қатысым болған емес. Онымен мүлдем байланыста болған жоқпын. Әрине, 22 жыл мемлекеттік қызметте болдым. Мен де басқалар сияқты бұл бизнесмендерді мемлекеттік қызметкер ретінде ғана білуім мүмкін, – деді Әбдірахымов.

Сондай-ақ, Ғабидолла Әбдірахымов Бұл ақпаратты жариялаған Козачков өзіне хабарласпағанын айтты.

– Неге адамдар мұндайға жол береді. Бұл ақпаратты жариялаған Козачков мырза маған хабарласпады. Кеше Бас прокуратура да ақпаратты теріске шығарды. Бірақ олар әлі тынышталмай отыр. Маған біреу «тапсырыс» берген сияқты. Бірақ мұның не үшін жасалып жатқанын білмеймін, – деді ол.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.