Айфон, ішік, ас-ауқат – қазақ қарызының ерекшелігі - Exclusive
Поддержать

Айфон, ішік, ас-ауқат – қазақ қарызының ерекшелігі

Адам өзінің бір сәттік тілегін қанағаттандыру үшін несие алып, қарызға белшесінен батып жатады. Мұның сыры неде? Мұндай үрдіс біздің ділімізге тән құбылыс. Қалтада көк тиынымыз болмаса да, той-томалақтарға не болмаса күзен ішік сатып алуға ақшаны оңды-солды аямай шашамыз. Ал көрші-қолаң мен дос-жаранға келгенде мақтанудан алдымызға жан салмаймыз. Неліктен? Мемлекет несиелендіру мәселесін қалай шешуде, жаңа заң жобасы несие беру кезінде тәуекелдерді азайтуға және қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға қалайша септігін тигіетін болады. Осы мәселелер жөнінде ҚР банк омбудсмені Дархан Нұрпейісов Exclusive.kz мәлімдеді.

Жақында Ұлттық коллекторлар палатасы өткізген конференцияда қаржы секторының әр сегментінің өз ережелері бар екендігі айтылды. Жалпы банктік несиелендіру мәселесінде қарызға бату деген түсініктің жоқ екені де сөз болды. Сонда қалай болғаны? Олай болса азаматтардың шамадан тыс қарызға батуын қалай түсіндіруге болады?

– Несиелендіру мәселесі өте күрделі құбылыс, сондықтан несие мәселесі қай салада көп екенін нақты дөп басып айту мүмкін емес. Аталған мәселеге статистика тұрғысынан қарайтын болсақ, онда банк секторында несиеге бату мәселесі жоқтың қасы.

Айталық, 2023 жылдың соңындағы ақпар бойынша 90 күннен асып кеткен, мерзімі өткен кредиттердің жалпы үлесі шамамен 3%-ды құрайтын көрінеді. Сәйкесінше, бұл барлық нормативке сәйкес келеді деген сөз.

Займ түрлерін, мәселен кепілсіз және тұтынушылық займдар жайында жеке айтар болсақ, онда жағдай тәуір деуге келмейті сыңайлы. Кепілсіз тұтынушылық несиелер саласында 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің үлесі қазірдің өзінде жалпы үлестің шамамен 13%-ын құрайды. Тиісінше, мұнда қазірдің өзінде белгілі бір проблема бар деген сөз.

Егер несие алушылардың саны туралы айтар болсақ, шамамен 8,5 миллионға жуық адам қарызын өтемеген.

– ҚРҚНРА мәліметтеріне қарағанда 2024 жылдың басындағы кепілсіз тұтынушылық несиелердің жалпы көлемі шамамен 9,5 трлн теңгені құрайды. Займдардың жалпы көлемінің басым бөлігін кепілсіз тұтынушылық несиелер құрайды екен. Неліктен? Мұндай жағдай сыры неде?

Бәлкім, бұл бүгінгі таңда жеке тұлғаларды несиелеу көлемімен, мәселен, нақты бизнес секторын несиелендірудің өсуімен байланысты жаһандық тенденция болар. Менің ойымша, бұл үрдіс жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ, бұл экономикадағы жалпы жағдайға, дәлірек айтқанда халықтың жалпы әл-ауқатына да байланысты болуы мүмкін. Табысы төмен халықтың жалпы әл-ауқат проблемасын, әрине, жаһандық деңгейде, мемлекеттік деңгейде шешу қажет. Адамдар несиені аз алуы үшін кірісті арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешу керек.

Аталмыш мәселенің тағы бір қыры бар. Ол несие алудың жеңілдігі. Халықты несие алуға итермелейтін де осы жағдай.

Екінші жағынан, Қазақстан Үкіметі Президент жүктеген міндеттерге сәйкес, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқаруда. Ел билігінің жасап жатқан қадамдары тәуелділік сезімін тудырады деп ойламайсыз ба? Ннесие кейін кешірілетін болса, оны өтеудің қажеті қанша?

Мен бұл жерде жалпы мемлекет, үкімет, қаржы институттары қарызға белшесінен батқан қарапайым азаматтардың мұң-мұқтажын өтеу үшін қыруар істер атқарып жатыр деген пікірмен келісемін. Тіпті мемлекеттік қайта қаржыландыру бағдарламалары, ипотекалық бағдарламалар, тұрғын үй несиелері туралы айтсақ, бұлардың шынымен де оң әсері болды деп айтуға болады. Оның үстіне, біз банк омбудсмені ретіндегі қызметімізде мұны көріп отырмыз. Мәселен, бүгінде бізге келіп түсетін 100 % өтініштердің 30%-ға жуығы тек ипотекалық несиеге қатысты. Өтініштердің қалған 70%-ы банк өнімдеріне және басқа да займ түрлеріне, соның ішінде тұтынушылыққа қатысты келіп түседі.

Ал екінші қырынан қарасақ, егер мемлекет қарызды жай ғана кешіретін болса не болмаса басқа мүмкіндіктер берсе, онда мұндай жағдайда біз адамдардың бойында тәуелділік сезімін оятатын боламыз. Бұл жақсылық әкелмейтін шара екенін түсіну қажет. Адам өз шешімдері үшін, оның ішінде қаржылық шешімдер үшін жеке жауапкершілікте болуы керек. Егер адам несие алған болса, ол кез келген жағдайда оны қайтару керек екенін білуі қажет.

– Несиені өтей алмай, көмек сұрағандарды жиі кездестіресіз бе?

Иә, әрине. Көбінесе мұндай жағдаймен бетпе-бет келіп күресуге тура келеді. Әрине, көп жағдайда бұл нақты мәселелерге байланысты болады. Оқиғаларды алдын ала болжау қиын, ал өмірлік жағдайлар әртүрлі. Ол дегеніңіз ауру-сырқау, жұмыстан айырылу немесе басқа мәселе болуы бек мүмкін.

Бізге бір сәттік қалаудың кепіліне айналған адамдар да келеді. Мәселенің 90%-ы қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейіне немесе оның толық болмауымен тікелей байланысты. Жоғарыда атап өткенімдей, адам өз мүмкіндігін шынайы бағалауы керек. Ал бізде адамдар екі санатқа бөлінеді. Бірі барлығы бірден болсын дейтін жастар. Мәселен, олар соңғы үлгідегі iPhone 15-ті  қалайды, бірақ оны сатып алуға қаражаттары жоқ. Телефон құны 700-800 мың теңге шамасында. Содан кейін несие алады. Өйткені ақша тауып, жинағылары келмейді. Кейін несиені қайтару және займ мәселесіне тап болады.

Азаматтардың өзге де санаттары кездеседі, яғни ересек адамдар. Алайда мұндай азаматтардың несиені өтеу мәселелері қымбат заттарды сатып алумен байланысты емес, қаржылық мүмкіндіктерін дұрыс бағаламауынан туындайтын үрдіс. Олар сәнді заттарды сатып алады. 200-300 мың көлемінде жалақы алатын олар өздеріне тым қымбат SMART– теледидарды, тағы басқа да қымбат заттарды алады. Бұл менталитет мәселесі болар. Әйел адамның күзен ішік сатып алу үшін несие алған жағдай болған-ды. Қаржылық жағдайыңыз болмаса, күзен ішік алудың қажеті қанша? Біздің халқымыз, ең әуелі болашағын қамтамасыз ету үшін кірісінің бір бөлігін үнемдеу керек екенін үйренуі керек. Алайда біздің менталитетіміз – ақшаны неғұрлым көбірек алсақ, соғұрлым көбірек жұмсауға тиістіміз дегенге келіп саяды. Сондықтан қаржылық сауаттылық мәселесі кез келген санаттағы адамдар үшін өте маңызды, онсыз біз бүгінгі проблемадан аулақ бола алмаймыз. Берешекпен байланысты мәселелердің 90%-ы қаржылық сауаттылықтың жеткіліксіздігімен немесе жеткіліксіздігімен байланысты. Мұны мен өз тәжірибемнен айта аламын. Табысы 200 мың теңгені құрайтын адамдар да, табысы бірнеше миллион теңгені құрайтын азаматтар да кешіктіру мәселесіне тап болады.

Қазіргі уақытта қарыз алушылардың құқықтарын қорғайтын және несиелік тәуекелдерді азайту мәселелерін шешетін заң жобасы әзірленуде. Заң жобасында омбудсмен шешімінің процеске қатысушыларға қарағанда артықшылығы болуы керек деген норма бар. Бұрын мұндай норма болмаған ба?

– Банк омбудсмені институты 2011 жылы пайда болды. Бірақ ол кезде банк омбудсменінің өкілеттігі шектеулі болатын. Ол тек ипотекалық несие келісімдерінен туындайтын дауларды қарай алатын. Ол кезде бұл өзекті болған еді, өйткені ипотекалық несиеге қатысты даулар мен мәселелер көп болатын-ды. Бірақ сол кездің өзінде банк омбудсменінің шешімі міндетті болды. Ал егер банк бұл шешіммен келіспесе, сотқа шағымдануға құқылы болды. Банк омбудсмені қызметінің барлық кезеңінде оның шешімдеріне банктер тек екі рет шағым білдірді және сот екі рет банк омбудсменінің жағында болды.

Қарыз алушы бізге жүгінді делік. Біз банк әрекетінен заңнаманың бұзылуын, ипотекалық және ойын-сауықтық несиелерді қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламаларында көзделген нормалар мен мүмкіндіктердің бұзылғанын көрдік, сәйкесінше қарыз алушыға қолайлы шешім қабылдауға біздің құқымыз болды. Бұл әлі күнге дейін қарыз алушының құқығы мен мүддесін қорғайтын мекеме екенімізді растайтын тағы бір дерек деген сөз.

– Бүгінде банк омбудсменінің өкілеттігі кеңейіп жатыр ғой. Кеңейіп қана қоймай, бөлініп жатыр. Неліктен?

Соңғы бірнеше жылда азаматтардың несиенің басқа түрлеріне қатысты өтініштері, тұтынушылық, онлайн, несие беру, басқа қатысушыларға, инкассаторларға шағым жасау артып келеді. Сондықтан біз банк омбудсменінің өкілеттігі мен құзыретін кеңейту мәселесін көтердік. Енді әзірленіп жатқан жаңа заңға сәйкес, несие алушылардың құқықтарын қорғайтын жаңа институт – Омбудсмен пайда болды, оның құзыреті микроқаржы секторы болады. Бізде «Микроқаржы ұйымдары туралы» заң бар. МҚҰ қызметі банктік қызметке жатпайды. Сондықтан микроқаржы жөніндегі омбудсмен микроқаржы ұйымдары немесе микроқаржылық қызметпен айналысатын ұйымдар мен қарыз алушылар арасындағы дауларды қарайтын болады. Ал банк омбудсмені тек банктік қарыз келісімдерінентуындайтын дауларды қарайды.

Енді қарыз мәселесіне қайта оралсақ, мұндағы басты мәселе микроқаржы ұйымдары арқылы несиелендірумен байланысты болып отыр деп айта аламыз. Бұл жерде мерзімі өткен несиелердің пайыздық мөлшерлемесі жоғары.

– 90 күннен кешіктірілген, мерзімі өтіп кеткен несиелері бар адамдарға несие беруге бола ма?

Дұрыс айтып отырсыз. Жаңа заң жобасы аясында бұл мәселе де талқыланып жатыр, сірә, белгілі бір санаттағы тұлғалардың несие алуын шектейтін өзгерістер енгізілетін болар. Несие жүктемесін дұрыс бөлуге ықпал ететін шаралар да қабылданады деп ойлаймын. Айталық, егер қарыз алушының әртүрлі қаржы институттарынан мерзімі өтіп кеткен, көптеген несиелері бар болатын болса, сәйкесінше оған жаңа несие алуға тыйым салынады. Бұл жерде мемлекет 90 күннен кешіктірілген, мерзімі өтіп кеткен несиелері бар адамдарға жәрдем бермек ниетте.

Өткен жылы Мәжіліс депутаттары банк секторындағы жағдайды қарай келе, банктердің несие қоржындарын мерзімі өткен несиелерден тазарту үшін оларды жай ғана инкассаторларға бергеніне назар аударған болатын. Алайда ендігі жерде олар жеке тұлғалардың проблемалық несиелерін коллекторлық агенттіктерге сатуға екі жылдық мораторий енгізуді жоспарлап отыр. Не үшін?

– Иә, әрине, банктер берешектердің бір бөлігін коллекторлық ұйымдарға өткізген сәтте, олар өздерінің қоржындарын проблемалық несиелерден тазарту мәселесін ішінара шешкен-ді. Сонымен қатар бұл банктер үшін несие қоржынын ҚРҚНРА-ның пруденциалдық стандарттарына сәйкес келтіруге жақсы мүмкіндік болды.

Енгізілген стандарттардың басты мақсаты – қарыз алушының мәселесін шешуге көмектесу, оған тағы бір қосымша мүмкіндік беру деп ойлаймын. Әрине, бұл коллекторлық ұйымдар мен олардың бизнесінің қызмет аясын шектейтіні рас. Ал кейбір коллекторлық ұйымдар жабылып қалуы әбден мүмкін.

Бұл жерде, менің ойымша, қарыз алушының құқықтары мен мүдделерін, коллекторлық ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау арасындағы белгілі бір тепе-теңдікті сақтау қажет, өйткені бұл да қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін қажетті институт.

Соңғы сұрақ. Сіздің көзқарасыңыз бойынша жаңа заң қаншалықты қажет? Бұл шынымен де халықтың қарыз мәселесін шеше ала ма?

– Менің ойымша, бұл өзгерістер дәл осы мәселені шешу үшін жасалған. Алдағы уақытта мұндай мәселелердің алдын алу үшін қаржылық заңнамамызды түбегейлі қайта қарап, алдын ала кешенді шаралар қабылдауымыз керек. Мәселені іс біткен соң шешудің қажеті жоқ. Сондықтан біз осындай заңдарды қабылдап, заңнамаларға мұндай мәселелердің мүлдем туындамайтындай етіп өзгертуіміз керек.

Уәкілетті мемлекеттік органдар болашақтағы кез келген жағдайға дайын болу үшін нарықты үнемі қадағалап отыруы қажет. Ал заңнама бұл мәселелерді туындамай тұрып шешуге көмектесуі керек. Ал егер адамның өзі саналы шешім қабылдауға мүмкіндігі болмаса, онда мемлекет мұндай адамдарды, ең болмағанда несие алу мәселесінде шектеу үшін заңнамалық шаралар қабылдауы керек деп есептеймін. Мемлекет адамдарға көмектесуі, оларды қаржылық және несиелік құлдыққа түсіп қалмауы үшін қорғап отыруы тиіс.

– Рақмет




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.