Қазақстанның бұрынғы Экономика, Білім және ғылым министрі болған, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқарған Жақсыбек Құлекеев сұхбат берді.
Жақсыбек Құлекеев референдум туралы пікір білдіріп, кез келген заңды референдум арқылы шешу керек екенін айтты.
– Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар ісімізді, еңсерер меже-міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып, жүйелі жүргізе аламыз. Елбасы кезеңінде референдум болған жоқ. Соның салдарынан халық пен билік арасында, кедей мен бай арасында алшақтық болды. Заң алдында барлығының беделі бір екендігін ұмытып кеттік. Менің ойымша, кез келген заңды референдум арқылы шешу керек. Сонда Елбасы тұсындағыдай саяси қателіктер болмайды, — деді ол Nege.kz-ке берген сұхбатында.
Комментариев пока нет