«Кселл» клиенттері үшін Microsoft Office 365
Поддержать

«Кселл» клиенттері үшін Microsoft Office 365

«Кселл» бизнесті табысты жүргізу  үшін В2В клиенттерінің мүмкіндіктерін кеңейте түсуде. «Phone 365» акциясы бойынша iPhone 7 және iPhone 7 Plus келісімшарттық смартфондарын сатып алу кезінде  енді 12 айға «Microsoft Office 365» өнімі де қосылады. Осылайша, В2В клиенттері дауысты қызметтер және интернет-трафик пакетіне қосымша «Microsoft Office 365»  алады.

«Microsoft Office 365» пайдаланушыға кез келген құрылғыдан және кез келген жерден интернетке қатынау бар болған жағдайда  жұмыс орнына және файлдарына қол жеткізу мүмкіндігін береді. Бұл өнімге  Word, Excel, Outlook, Power Point секілді  неғұрлым талап етілетін қосымшалар  кіреді. Сонымен қатар оған  мәтіндік фразалармен алмасуға, бейне- және аудио-конференцияларды өткізуге  мүмкіндік беретін Skype та қосылған. Сондай-ақ пайдаланушыларға жұмыс үстелін көрсету, Share Point порталына және  One Drive файлдық сақтау орнына қатынау қолжетімді.

Клиенттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, «Microsoft Office 365» өнімі  шығындарды, жұмыс процесін оңтайландыруға және  қызметкерлердің жұмыс уақытын  барынша өнімді пайдалануына себін тигізеді. Office 365  өнімінің басқа басымдылықтары – бұл оның қосымшаларының автоматты түрде жаңартылуы,  файлдарды Microsoft дата-орталықтарында синхрондау және  пайдаланушыларға 24/7 қолдау көрсету қызметі.

«Біз өзіміздің корпоративтік клиенттеріміздің тарапынан «MicrosoftOffice 365» өніміне деген үлкен қызығушылықты байқап отырмыз. Microsoft-пен бір жарым жыл ынтымақтастық ішінде біз әртүрлі компаниялармен келісім-шарттарды жасап үлгердік, олар  бұл өнімнің қолайлылығын жоғары бағалады. Енді Office 365Apple-дің ең ілгері смартфондарын сатып алу кезінде  қол жетімді болатын қызметтер пакетінің құрамына қосылды. Бұл ұсыныс  бизнесті барынша қолайлы жүргізу үшін қосымша мүмкіндіктерді ашады», — деп «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс атап өтті.

«Phone 365» акциясы бойынша келісім-шарттық телефонды сатып алу кезінде клиенттер  iPhone 7 немесе  iPhone 7 Plus, бір жылға Office 365 лицензиясын және ай сайынғы бонустық қызметтер пакетін алады, бұл пакетке:

  • Kcell және activ желісінің ішінде тегін қоңырау шалу;
  • Барлық ұялы байланыс операторларына 350 SMS;
  • Басқа операторларға  қоңырау шалуға 350 минут;
  • 18 ГБ Интернет кіреді.
  • Ұялы телефондарды бөліп төлеу  үшін келісім-шарттық кезеңі 24 айдан 30 айға дейін құрайды. 

Бұл акцияның шарттары тек «Кселл» компаниясының В2В клиенттері үшін ғана қол жетімді. Бұл акциямен толығырақ (сілтеме жақында дайын болады)  сілтемесі бойынша, сондай-ақ 5869 қысқа нөмірі бойынша танысуға болады. Кез келген ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

Акция 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.