«Милары су болып, ағып кеткендер» Жаңа Қазақстанға қайтып оралуға не себепті асығар емес? - Exclusive
Поддержать

«Милары су болып, ағып кеткендер» Жаңа Қазақстанға қайтып оралуға не себепті асығар емес?

Жыл сайын 25 мыңнан 40 мыңға дейін отандасымыз Қазақстаннан біржола кетіп қалатын көрінеді. Мұндай жағдай соңғы кездері қайғылы да алаңдаушылық тудыратын құбылыс ретінде қабылданып, кәдімгі заңды әрі үйреншікті әдетке айнала бастаған тәрізді. Алайда қалыптасып отырған  мұндай үрдісті тоқтатудың қандай да бір жолы табыла ма екен,  табыла қалған жағдайда оны қалайша жүзеге асыруға болады, түптеп келгенде ең дұрысы – кері процесті қалайша іске қосуға болады? Көкейде жүрген сан сауалдың бірі, міне осындай.

Уақытша тұру рұқсаты және тұрақты тұру рұқсаты (УТР және ТТР)

Осындай сарында айтылып жүрген оқиғалардың түп төркінін ажырату үшін тарихқа қысқаша шолу жасайтын болсақ, онда әрине, қазақтар тұрғылықты жерін оңай өзгерте алатын, көшпенді халық тәрізді кең қанат жайған түсінік-пайымдардың еске түсетіні шындық. Алайда, бұл негізінен тек стереотип қана. Біріншіден, біздің ата-бабаларымыз түрлі аймақтық немесе геосаяси жағдайларға байланысты кей уақытта сәл ауытқушылық үрдістерін жасағанымен, белгілі бір қалыптасқан, қатаң бағыттармен көшіп-қонғаны белгілі. Екіншіден, көшпенділер тұрғысынан алғанда бір жерден екінші жерге көшіп-қону – бұл әлемде орын алатын құбылыстардың барлығын ақтап шығуға болатын мақсат емес, дүниеде болып жататын процестердің бірі. Үшіншіден, қазақ қашанда ата-жұртына қайтып оралған халық. Мұндай ой-түрткілерді әрқашан да есте ұстағанымыз абзал.

Жалпы, Қазақстан аумағы ежелден тұтас бір халықтар мен тайпалардың тұрақты көші-қоны болғаны белгілі. Үздіксіз қоныс аудару, этногенез процестері орын алып, қырғи қабақ соғыстар мен қақтығыстардың болғанын көпшілік қауым жақсы біледі. Алайда, осы айтқандарымыз кеңестік кезеңді қоса алғанда, бұған дәлел бола алмасы  анық. Әрине, «90-шы жылдарға» сілтеме жасаудың қажеті жоқ, өйткені «чемодан-вокзал» тенденциясы бұл уақытта ыдырап тынған Кеңес Одағының барлық кеңістігін жаулап алған-ды. Яғни, тұрғындардың басым көпшілігі біржола қоныс аударып, азаматтығын өзгертіп, тіпті қайтып оралу мәселесін  ойларына да алмады. Әрине, бірқатар ерекшеліктер болғаны белгілі, алайда мұндай жағдайлар тек ережені оданбетер құптай түсті.

Кейінгі жылдары елден кету үрдісі түрлі сипаттарға ие болып, ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайына тікелей байланысты бола бастады. Мұндай пікірді нық сеніммен айту үшін әлеуметтанушы немесе демограф болудың қажеті шамалы.

Ұлттық себептерге, соның ішінде діни, мәдени және саяси себептерге байланысты Қазақстанмен қош айтысқандар мәселесі екінші  орында тұр. Бірақ олардың шет жерге қоныс аударулары – сол жерде жақсы өмір сүруге, бала тәрбиелеуге деген ұмтылыс-құлшыныс ниеттерін бір арнаға тоғыстыра түсті. Мұндай жандардың басым көпшілігі уақытша тұру рұқсатына қарағанда, тұрақты тұру рұқсатына басымдық бере бастайды, осылайша олардың «бір күні қайтып келеді» пікірге сенулері екіталай құбылыс ретінде танылады.

Әрине, тұруға рұқсат ықтиярхаты көбінесе өзі қалаған жаңа отанның азаматтығын алумен және одан туындайтын барлық жағдайлармен байланысты тұрақты тұрғылықты жерге көшу кезеңі саналатыны белгілі. Алайда, УТР ұғымының өзі,  оны алушының бір жерде жай ғана көбірек «отыруға» ниетті екеніне үміт беретіні сөзсіз. Егер, жалпы алғанда жылына 40 мыңға дейін адам елден «біржола» кететін болса, онда «уақытша» кететіндер саны да осымен шамалас.

Субъективті-объективті көзқарастар

Өкінішке орай, елден кетушілердің контингенті туралы нақты нақты статистика жоқтың қасы, бірақ олардың арасында еңбекке жарамды адамдардың, жастар мен балалардың үлесі артып отырғаны байқалады. Ашығын айтқанда, олардың барлығын «ақылды» деп атауға әсте болмайды, сондай-ақ жалпы алғанда мұндай жағдайға өкінудің қажеті де шамалы, алайда мұндай адамдардың қайтып оралуға деген ынта-ықыластары туралы айтқан уақытта, тек экономикалық себептерді ғана емес, сонымен бірге адами факторды да ескеру қажет. Яғни, кетіп жатқандар «тобыр» емес, субъектілердің қоныс аударып жатқанын түсіну керек, бірақ олардың да объективті жағдайларға және «Кетіп қалу керек» деген жалпы идеяға ғана емес, сондай-ақ «Қайтатын уақыт келді» сияқты үндеуге де ұшырауы әбден мүмкін.  Әрине, мұндай үгіт-насихат сауатты, дер кезінде және сенім артуға болатын аузынан айтылатын кезде ғана тиімді саналмақ.

Осыған байланысты бұл жерде «саяси» деген ұғымды еске түсіруіміз қажет сияқты. Айтпақшы, қазіргі жағдайда елдегі билікке ұлтшылдар келеді деп санайтын адамдардан бастап, тиісті мәртебе мен жеңілдіктерге ие болу мақсатында мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін «режимнің жауына» айналып шыға келетін жандарға дейін көптеген адамдар,  осындай санат қатарынан табылуы әбден мүмкін. Сөзімізге дәлел ретінде, ЛГБТ атанғандар да осындай қатардан табылатынын атап өтуге болады. Осыған ұқсас жағдай, бірнеше жыл бұрын АҚШ-та бұрынғы отандастарына (Ресей, Қазақстан, Беларусь және т.б.) тиісті мәртебеге қол жеткізу үшін көмек көрсеткен топтың құрықталғаны белгілі. Бәлкім, бұған назар аударудың қажеті жоқ та шығар.

Алайда, мұндай пікірдің көшбасшылары деп атауға болатын және шын мәнінде бостандығынан, тіпті өмірінен қол жазып қалмас үшін туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың да бар екенін естен шығармаған жөн. Көп жағдайда мұндай адамдар белгілі бір шарттар негізінде оралуға дайын екендіктерін шын жүректерінен айтып та жүр.

Мұндай сарындағы ойды жадымызда ұстағанымыз абзал, әзірге таза экономикалық тұрғыдан алғанда жақсы өмір іздеп шетелге кеткен қазақстандықтардың басым көпшілігіне, яғни ел ішінде төленетін ақша қаражатына тоқмейілсімей, шама-шарқына қарай мүмкіндігінше көп табуға тырысатын адамдар жайлы айтар болсақ.

Мұндай топқа жататын адамдардың басым бөлігіне – атышулы гастарбайтерлердің жататыны белгілі, бірақ өз бизнесін Қазақстаннан басқа жаққа көшіруге шешім қабылдағандар да аз емес. Мұның себептері жетіп жығылады. Сыбайлас жемқорлықтан бастап рейдерлік қауіп-қатерге дейін орын алатын құбылыстарды одан әрі тізбектей беруге болады. Қайтарған дұрыс болар еді дейтіндер қазақстандықтардың соңғы тобына жатқызылады. Мұндай топқа неғұрлым қолайлы жағдайларда «өзгерістер дәуірін» күте тұрған жөн деп шешім қабылдаған адамдар жатады. Бұл жерде, айтпақшы Түркия көш бастап тұр, тіпті осы орайда таяуда Тоқаев бауырлас Ердоғаннан, ағайындық негізде қазақтарға УТР бермеуін өтінді деген қауесет тарады. Мұның қауесет- жорамал екенін есте ұстағандарыңыз жөн.

Әрекеттер болды

«Қайта оралушылардың» мәселесін шешудің басым бағыттары, былайша айтқанда «су бетінде» жатқаны белгілі. Оның негізгі екі себебі бар, яғни мұндай  «милардың» оралуын ынталандыру және олардың су болып, ағып кетуін тоқтату үшін қолдан келген жағдайдың барлығын жасау. Бұл жерде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басталған партиялар мен үкіметтің бірнеше бағдарламаларын еске түсіруге болады. Мұндай үрдіс  бірінші кезекте оралмандарға қатысты болып отыр. Идеологиялық бағыттылығы, жан-жақтылығы мен мазмұны жағынан ол билік тарапынан туған үздік шаралардың бірі болды. Алайда, іске асыру тұрғысынан алғанда бағдарламаның тек сөз жүзінде ғана «кешенді» болғаны, сөйтіп «әдеттегі құбылыс»  айдарымен аяқталып тынғаны белгілі. Ендігі жерде олар кейбір негізгі бағыттарды қайта қарап, тіпті «қандас» ұғымының неғұрлым қолайлы анықтамасын қолдана бастаған сияқты, бірақ әлі де күмән бар.

Жалпы, елімізден тыс жерде туған қазақтардың тарихи отанына көшу бағдарламасын – қалтасында көгілдір төлқұжаты бар, Қазақстаннан кеткендерді қайтару бойынша тікелей жүргізіліп жатқан мәселе деп санауға болмайтын құбылыс ретінде көрінеді. Дегенмен, оралмандар мәселесіне жасалған тәжірибе – «кері қайтару» үшін идеологиялық база құруға негіз бола алады. Бұл тұрғыда «Болашақ» бағдарламасының жекелеген бағыттары да белгілі бір пайда әкелуі мүмкін, бірақ көбінесе идеологиялық жағынан тиімді болмақ.

Қазақстандықтарды отанына оралуға тікелей көндіру әрекеттеріне келсек, бұл туралы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мәрте айтқан болатын. Расында да, осындай әрекеттердің сенімсіз көрінгені белгілі, біреуге кінә тағу, жазғыру құбылысы ретінде қабылданды, мұндай үрдістер көбiнесе Қазақстанда тек ресми түрде тұратын, ал олардың отбасы еуропа мен Азияда тұратын адамдарға қатысты болды. Қазіргі президент мұндай үндеулермен көзге түскен жоқ, бәлкім кемеліне жетпеген шығар, не болмаса бір ауыз сөздің аздық ететінін түсінетін болар. Дейтұрғанмен, осыдан бір-екі жыл бұрын белгілі себептермен елден кетіп қалғандарды Өзбекстанға қайтып оралуға шақырған өзбек әріптесі Мирзиеевтен үлгі алса болар еді. Көбінесе мұндай жағдай студенттер қауымына қатысты болды, бірақ басқалары, соның ішінде Ресейде, Түркияда, тіпті Қазақстанда тұрып жатқандар да бұған үн қата бастады. Иә, бұл президент-реформатордың пиары болды, алайда оның тиімді тұстары қазірдің өзінде байқалуда.

Әрине, бір ғана мұндай үгіт-насихат жұмысының жеткіліксіз болып табылатындығы шындық. Оның үстіне  Қасым-Жомарт Кемелұлының өз аузынан шығып жатса, қисынсыз әрі «бос оққа» айналатыны белгілі. Немесе ол өзінің іс-әрекетімен не болмаса әрекетсіздігімен, тұтастай алғанда, елімізді осындай ахуалға, яғни одан кеткісі келетіндей күйге жеткізу әрекеттері арқылы көрінетін болады. Тағы бір айта кетерлік жайт, қоғамдық пікір көшбасшыларының бірі – мұндай үрдісті үлгі етіп көрсетіп, соған шақыра білсе бұл мәселенің екінші қыры саналмақ. Бірақ, бұл үшін отанына оралғаннан кейін Ермек Нарымбаевтың басынан өткен оқиға сияқты, қолға кісен салынбайтына қандай да сенімділіктің болуы қажет. Өйткені, Қазақстанға оралуға жағдай жасалған кезде ғана емес, елді көтеру немесе оны қорғау үшін де қайтып келуге болатыны сөзсіз шындық. Мұндай жағдайды Украина мысалынан көруге болады, Еуропадан және әлемнің басқа да бөліктерінен агрессия басталғаннан кейін жүздеген мың украиндықтардың «отыра тұруға» мүмкіндіктері болса да,  елге оралғаны белгілі. Жалпы, идеологиялық құрамдас бөлік қажет-ақ, бірақ ол үшін оған базис те керек.

Ал базис-платформа, қаншалықты оғаш болып көрінсе де, саяси экономия болып табылатынын жақсы білеміз. Оның үстіне, «әуелі  экономика, содан кейін саясат» сияқты басым бағыттарсыз болуы шарт, осылайша мұндай үрдіс барысында  екі бағыт кешенді түде қолданылуы қажет. Үкіметте кешенді бағдарлама жүйесі болуы тиіс.

Яғни, «қайтып оралғандарды» ынталандырумен тек экономика және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі ғана емес, барлық ведомстволар айналысуы керек, әрі олар өз іс-әрекеттерін бірыңғай орталық немесе арнайы комиссия арқылы үйлестіруі тиіс. Бұл министрлер кабинеті жанындағы кез-келген комитетке немесе комиссияға қатысты болуы керек. Айталық, капиталды қайтару жөніндегі комиссия нақты кешенді жұмыстардың болмауына байланысты ақшаны (оларды шетелге шығарғандарды айтпағанның өзінде) кері қайтара да алмайды.

Осындай кешенді шаралардың маңызды факторы құқықтық негіз болуы керек, әрине ол туралы ешкімнің бас қатырып отырғаны шамалы. Әңгіме, мәселен, рақымшылық жасау туралы болып отырғаны белгілі, ал кейбір жағдайларда істерді қайта қарау қажет. Осындай оқиғалардың «арқасында» сол азаматтың немесе өзге де азаматтардың елден кетуге мәжбүр еткен істерді қайта қарау жайында болып отыр. Биліктің саяси ерік-жігерін көрсете алатын нормативтік құқықтық актілерді де құқықтық тұрғыдан қайта қарау қажет. Бірақ бұл, әрине, елден кетіп қалғандар адамдарға ғана емес, сондай-ақ уақыт тапшылығына байланысты көшіп кетуге үлгермеген не болмаса қоныс аударғысы келмеген, бірақ отанында нақты өзгерістердің болуын қалайтын тұлғаларға да қатысты болмақ.  Осыған байланысты эмигранттарды қайтару тұжырымдамасын әзірлеуге қоғам мен тәуелсіз сарапшыларды тарту қажет. Аталған бағыттағы жұмыстарың міндетті болуы шарт. Мұндай жұмыстар шақырту немесе жоғарыдан келіп түскен рұқсат қағазы бойынша қоғамдық сенімнің ұлттық кеңесінің (ҚСҰК) құрамына кіретін немесе жалпыұлттық Құрылтай қатысушысының «шапанын киетіндерге» қатысты болмауы керек, қажет болған жағдайда сынай алатын және ақылға қонымды әрі орынды ұсыныс айта алатын жандарға қатысты болғаны абзал.

Әрине, көптеген жағдайлар елге оралуға ниеті бар «қайтып келушінің» қай елде және қандай күйде өмір сүріп отырғанына байланысты. Өйткені, мұндай үрдіс көрші Ресейде орын алып отырғаны баршаға аян, тек соңғы үш айдың өзінде ғана Ресейден Қазақстанға жарты миллионнан астам адам қоныс аударған. Ал, тура мағынасында айтқанда әлемнің арғы шетінде орналасқан және «бақытты елдер» тізімінде алдыңғы орындардың бірінде тұрған Австралияны мысалға келтіруге әбден болады. Сондықтан барлығы бір сәтте «шабадандарын буып-түйіп», бизнесін Қазақстанға көшіргісі (қайтарғысы) келетіндей қандай да бір бірыңғай жобаны әзірлеу және оны жүзеге асыру екіталай құбылыс саналады. Ал, жалпы қарапайым тілмен қысқаша қайырып айтар болсақ, онда әр жылдары елден кеткен (тіпті азаматтығын ауыстыру арқылы) азаматтарды ғана емес, сондай-ақ жырақта туып, елімізді тарихи отаным деп санамайтын азаматтарды да елге қоныс аударту мақсатында құлшыныс тудыратын «Жаңа Қазақстан» құруымыз қажет болып отырғаны белгілі. Мұндай мақсатқа қол жеткізу үшін Кеңес одағына деген сағыныш «тегін» пәтер мен «ең дәмді балмұздақты» аңсаудан емес, балалық шақтағы естеліктерді елестерді ғана көзге елестететін ел құруымыз қажет.

Шамамен алғанда осылай көрінеді. Утопия? Бұлай деуге келе қоймас. Шындығына келгенде ұмтылуға деген құлшыныс бар және «Кері қайтатын елді өзгерту керек пе әлде эмиграция елін өзгерту керек пе?» деген сұрақ туындаған жағдайда, мұның дұрыс жауабын табу қиындық келтірмесі анық. 

Мирас Нурмуханбетов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.