Неліктен Ресей үйі бұрын-соңды болмаған ресейдің жоғары оқу орындарына түсу квотасын көтеріп отыр? - Exclusive
Поддержать

Неліктен Ресей үйі бұрын-соңды болмаған ресейдің жоғары оқу орындарына түсу квотасын көтеріп отыр?

Ресей ынтымақтастық агенттігі (Россотрудничество) 2023-2024 оқу жылында Қазақстанға арналған квотаны «конкурстың жоғары болуына байланысты» 700-ден 900-ге дейін ұлғайтып отыр. Қазақстандық талапкерлер үшін Росатом, Роскосмос, ЕАЭО, ТМД және ШЫҰ желілік университеттерінің бағдарламалары бойынша іріктеу жүргізілуде.

Ресей ынтымақтастық агенттігі (Россотрудничество) 2023-2024 оқу жылында оқуға іріктеу қорытындыларын қайта қарау туралы шешім қабылдады, өйткені Агенттіктің Қазақстандағы өкілдігінің тізімдерін қалыптастыру кезінде бірқатар «олқылықтарға» жол берілген. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша біз 700 үміткердің тізімін ұсынатын боламыз. Тізімге енбеген талапкерлер автоматты түрде резервке түсетін болады. Талапкерлердің резервтен негізгі тізімге түсу ықтималдығы жоғары, сондықтан өтінімдерде көрсетілген поштаны тексерулеріңізді сұраймыз. ТМД және ШЫҰ желілік университеттері іріктеу нәтижелерін тамыз айының басында қалыптастыратын болғандықтан, қазіргі уақытта 200 орынға арналған квота әлі толтырылған жоқ. Нәтижелері жаздың соңына қарай жарияланады», – деп жазады Ресей ынтымақтастық агенттігі (Россотрудничество).

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің мәліметтеріне қарағанда, 2022-2023 оқу жылында Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттердің саны шамамен 67 мың адамды құрайды. Бұл ретте қазақстандықтар Ресейде білім алып жатқан шетелдік студенттер арасында бірінші орынды иеленіп отыр. Оның ішінде 40 пайызы – гуманитарлық мамандықтар (педагогика, тарих, философия, журналистика және т.б.), инженерлік-техникалық мамандықтар (металлургия, тау-кен ісі, мұнай және химия өнеркәсібі және т.б.) – 35 %, жаратылыстану ғылымдары (медицина, фармацевтика, физика, химия және т.б.) – 25%.

Соңғы он жылда қазақстандық студенттердің жалпы шетелге, оның ішінде Ресейге ағылуы біртіндеп өсу үстінде. Егер, 2012 жылы ЮНЕСКО-ның мәліметтеріне қарағанда Ресейдегі қазақстандық студенттерінің саны шамамен 30 мыңға дейін жетсе, 2016 жылы 70 мыңға жетіп, 2019 жылға дейін осы күйінде қалған көрінеді. Осылайша, соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстаннан Ресейге жыл сайын кемінде 10 000 студент кетіп, түрлі деректерге сүйенсек, олардың көпшілігі елге оралмаған. Мұнымен қоса Ресейдің жоғары оқу орындарына ең дарынды деген жастар түсетіні белгілі. Себебі мұндай дарынды жастарға олар жыл бойы көз салып, «аңшылық» құратыны айдан анық.

Бұл ретте Қазақстанда Ресейдің және Ресейде қазақстанның жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы шешім қабылданды. Мұндай келісімге 2022 жылдың ақпан айының соңында қол қойылып, жақында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Ресей ұлттық ядролық зерттеу университетінің МИФИ филиалы ашылатыны белгілі болды.

Әрине, ресейлік білім бүгінде білімнің сапасы мен құндылығын тамаша үйлестіре біліп отыр. Сондай-ақ, Ресей қазіргі таңда оның сыртқы және ішкі саясаты қалай және қаншалықты бағаланса да, жоқ дегенде техникалық және жаратылыстану-ғылыми салаларда білім берудің жоғары сапасына кепілдік бере алады. Ресей Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына патенттерге ең көп өтінім жасайтын 20 мемлекеттің қатарына кіретін мемлекет. Elsevier мәліметтеріне қарағанда 2018-2021 жылдардағы есеп айырысу нәтижелері бойынша Ресей Scopus-та индекстелген басылымдар саны бойынша әлемде 10-шы орынға ие болған. Жаратылыстану ғылымдары бойынша -6 орынды еншілеп отыр.

Статистикаға жүгінетін болсақ, Ресейде оқитын 70 мыңға жуық студенттің 10 мыңы Мәскеу мен Санкт-Петербург университеттерінде оқитын көрінеді. Өзгелері шалғайдағы ЖЖО-ын місе тұтады.

Енді жерде тағы бір мәселе туындап отырғаны белгілі. Ресейлік дипломдар бұдан былай өркениетті әлемде танылмай қалу қаупіне ұшырап отыр. Былайша айтқанда танылмау қаупі төніп тұр. Сол себепті осы жерде қазақстандық жастар үшін Ресейдің даму үлгісі қаншалықты қолайлы? деген прагматикалық сұрақ туындайды. Бірақ, мұндай сценарийді гипотетикалық деп қабылдамағанның өзінде, ресейлік диплом иегерлері Ресейдің қатысуымен жасалатын бірқатар халықаралық бағдарламалардың қысқаруына тап болды, демек жұмысқа орналасу перспективасы айтарлықтай қиындай түсті деген сөз.

Диплом саяси контекст сипатына ие болды

Бір қарағанда, білім беру көші-қоны жаһандық тренд болып табылады және оны тек «жұмсақ күш» құралы ретінде қабылдауға болады. Алайда, ресейлік университеттер жағдайында мәселе зиянсыз болуын әлдеқашан тоқтатып тынды.

Жасыратыны жоқ, диплом алатын ел– тек білім ордасы ғана емес, сондай-ақ оның құндылықтарымен және идеологиялық көзқарастарымен де бөлісетін ел екені жасырын емес. Түркияда, Еуропада, Ресейде білім алған жастардың бойынан әлемді, дінді, мәдениетті қабылдаудағы айырмашылықты байқаудың өзі жеткілікті-ақ. Егер Ыстамбұлдық студенттер, әдетте, түркі әлемін біріктіру тұжырымдамасын, ал Еуропалық студенттер – демократиялық құндылықтарды ұстанатын болса, Ресейде білім алып жатқан жастар негізінен еуразиялық интеграцияны дамытуға мүдделі. Белгілі бір мәндік координаталар жүйесін жылдар бойы зерттеп, олардың тасымалдаушысы болмау өте қиын шаруа екенін жақсы білеміз.

Осы тұрғыдан алғанда, Украинадағы АӘО деп аталғаннан кейін, Ресейде білім беру оның айқын үгіт-насихат векторын ескере отырып, ерекше мағынаға ие болды. Қазақстанда белсенді түрде жұмыс істеп жатқан «Россотрудничество» солтүстік көршіміздің «жұмсақ күшінің» негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бір қарағанда, аталған федералды агенттік «ғылым, мәдениет және білім саласындағы ресейлік-қазақстандық жобаларды жүзеге асырумен, отандастардың гуманитарлық жобаларына көмек көрсетумен» айналысатыны белгілі.

Бір қарағанда мұндай әрекеттердің қисынсыз көрінетіні шындық, бірақ агенттіктің ресми сайтына зер салып қарайтын болсақ, барлық іс-шаралар, мейлі ол қаһарман шекарашыларды еске алу акциясы болсын немесе «Тәжік-ауған шекарасын күзету мақсатында Тәжікстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының бірінші жеке атқыштар құрама батальонының енгізілгеніне 30 жыл толуына орай әскери-патриоттық іс-шара» болсын КСРО-ны аңсайтын сипатқа ие екенін көруге болады. Ал күні кеше ғана сайтта «Ресей СІМ-і Мәскеу мен Мәскеу облысының аумағында 30 мамыр күні таңғы уақытта орын алған УҚК-нің террористік актілерінің әрекеттерін қатты сынайды» деген мәлімдеме жарияланды.

Агенттіктің ресми сайтында тағы бір қызықты құжат жарияланған. Құжат «Украина тарихы ресейліктердің көзімен» деп аталады, онда, мәселен, «Тарихи тұрғыдан алғанда, Украинаның егеменді, жеке мемлекет ретіндегі ғұмыры тарихта ұзаққа созылған жоқ» делінген. Мұны, әрине, «гетманшылар» кезеңі деп санауға болмайды. XVIII ғасырда да, одан алдыңғы кезеңде де біртұтас украин мемлекеттілігі бар біртұтас аумақ болған емес… Ресми тұрғыдан алғанда, Украина мемлекетінің өмір сүруінің қысқа кезеңін 1918 жыл – IV Әмбебап Орталық Рада Ресейден тәуелсіздігін жариялаған 9 (22) қаңтардан бастап, Орталық Рада өкілдері Киевтен қашып кеткен кезеңді» қоса алғанда екі апта деп санауға болады делінген агенттік сайтында.

Осы жерде ресейлік саясаткерлердің қазақтардың да өз мемлекеті болмағаны туралы бірнеше рет айтқан пікірлері бірден еске бірден оралатыны сөзсіз.

«Россотрудничество» басшысы Евгений Примаковтың Қазақстанның сол кездегі ақпарат министрі Асқар Омаровпен жұмыс істеуден бас тартқан сәті еске бірден түседі. Примаковтың айтуынша,

«Россотрудничество» орыстарды жек көрушілікпен, яғни русофобиялық қоқыстармен жұмыс жасамайды, әріптестік қатынас пен байланыс орнатпайды, бұл біздің аталған министрмен және қазіргі конфигурацияда ол басқаратын ақпарат министрлігімен өзара әрекет жасасуға толықтай кедергі жасайды»,– деп түйіндеді URA.RU. Примаковтың сөзін. Көп ұзамай-ақ Умаров «басқа жұмысқа ауысуға байланысты» қызметінен босатылды, алайда аталған факт өзге елдің агенттік басшысының екінші бір елдің министрімен жұмыс істеуден «бас тартуы» Кремль шенеуніктерінің санасында біз әлі де болса олардың ықпалында екенімізден сыр беріп отырғандай.

Өткен жылдың соңында «Россотрудничество» Алматыда балаларға Украинаның аннексияланған аумақтары туралы насихат фильмін көрсеткен болатын, бұл да өз алдына қисынсыз әрекеттер болып табылатыны анық.

Ал мамыр айында 10 қазақ оқушысы Ресей аннексиялаған Қырымға жіберілді, сапарды ұйымдастырушы «Орыс үйі» («Россотрудничество»).

Алайда, көпшілікке қисынсыз көрінетін көптеген оқиғалар қоғам назарынан тыс қалып жататыны шындық. Мәселен, «Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің жетекші оқытушыларының заманауи жастарды STEM-білім берудің жаңа әдістемелерін оқуға қалай ынталандыру туралы шеберлік сыныптары, филология ғылымдарының кандидаты, «Грамота.ру» порталының бас редакторы Владимир Пахомовтың педагогтар мен орыс тілі мұғалімдеріне арналған семинары, жазушы, 2023 жылғы жалпы диктант авторы Василий Авченкомен шығармашылық кездесу және тағы басқаларын атауға болады. «Бұл жерде агенттіктің жасап отырған әрекетін атап жөн. Ол сырттай қарғанда тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ орыс тілі мен орыс мәдениетін қолдау желеуімен мінсіз жұмыс істеп отырғаны белгілі.

Сол себепті, сәуір айында «Россотрудничество» Орталық Азия елдеріндегі орыс тілділердің санын бағалаған кезде, олардың басым бөлігі – 90%-ы Қазақстанда өмір сүретінін, еліміздің орыс тілділердің саны жөнінен аймақтағы өзге елдерден анағұрлым озық тұрғанын ерекше атап өткені таңғаларлық жағдай емес. Қырғызстанда халықтың 44%-на жуығы, Өзбекстанда – шамамен 50%-ы орыс тілін меңгерген, Тәжікстанда -55%.

«Россотрудничество»-ның бағалауы бойынша, орыс тілін ана тілім деп санайтын тұрғындардың ең көп үлесі Қазақстанда (20%), одан кейін Түркіменстанда (шамамен 12%), Қырғызстанда (5%), Өзбекстанда (2,7%) және Тәжікстанда (0,3%). Қазақстан орыс тілді мектептердің саны бойынша да көш бастап тұр, олардың саны 3606, Өзбекстанда 1 мыңнан астам мектепте орыс тілінде білім алуға болады, Қырғызстанда 751, Тәжікстанда 200-ден астам және Түркіменстанда 71 оқу орны бар.

«Бүгінгі таңда Орталық Азия елдеріндегі орыс тілінің ахуалы сенімді және аймақта азаматтардың, жастардың да, егде жастағы адамдардың да орыс тілін үйренуге деген қызығушылығының артып келе жатқанын байқап отырмыз. Біреулері орыс тілін кейін Ресейде жоғары білім алу үшін, ал екіншілері жұмыс істеу, сауда-экономикалық қарым-қатынасты, бизнесті дамыту үшін үйренуде. Яғни, оқуға деген мотивация әртүрлі, ал біздің міндетіміз – бұл тізімді кеңейту», – деді «Известия» газетіне «Россотрудничество» басшысының орынбасары Павел Шевцов.

Ал, 2016 жылы Еуропарламент өз қарарында «Россотрудничествоны» ресейлік үгіт-насихат құралдарының біріне жатқызған болатын. 2022 жылдың 21 шілдесінде, яғни Ресей Украинаға баса-көктеп кірген кезеңде «Россотрудничество «Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттерді немесе саясатты қолдағаны немесе жүзеге асырғаны үшін» Еуроодақтың санкциялар тізіміне енгізілді. Еуроодақ «Россотрудничествоның» «Кремльдің жұмсақ күші мен гибридті ықпалын, соның ішінде орыс әлемі тұжырымдамасын ілгерілетуді жобалайтын негізгі мемлекеттік орган» екенін атап өтеді. Ол көптеген жылдар бойы ресейлік отандастар мен ықпал ету агенттері желісінің қолшатыр ұйымы ретінде әрекет етті, сондай-ақ түрлі қоғамдық дипломатия мен үгіт-насихат жобаларын қаржыландырды, ресейлік ойыншылардың қызметін біріктіріп, Кремльдің нарративті әрекеттерін, атап айтқанда тарихи ревизионизмді таратады» деген баға береді ЕО.

Сондай-ақ, «Россотрудничество» Канада, Украина және Швейцарияның санкциялар тізіміне «жалған ақпарат ұйымы» ретінде енгізілген.

Максат Нурпеисов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.