Павлодар қаласы әкімінің орынбасары тұтқындалды - Exclusive
Поддержать

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары тұтқындалды

15 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында кәсіпкерден пара алды деген күдікпен жолдарды жөндеудегі мемлекеттік сатып алу шартындағы орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кетейік, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.