Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды
Руслан Анбаев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде хабарлады
Руслан Анбаев 1978 жылы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Целинное ауылында дүниеге келген. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің аға салық инспекторы лауазымын атқарды. Кейін әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.
2019-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан Облысы Мамлют ауданының әкімі болды.
2020 жылдың қазан айынан бастап Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі қызметін атқарды.
Фото: kapital.kz
Комментариев пока нет