Ресей Украинаға қарсы соғыста жеңіліске дайындалып жатыр - Exclusive
Поддержать

Ресей Украинаға қарсы соғыста жеңіліске дайындалып жатыр

Аталмыш соғыста Ресейдің жеңіліске ұшырағанын жете түсіну, ресейлік элитаның ең жоғары шыңына жетіп тынды. Сондықтан Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Медведев telegram-конвульсияларда жан айқайын білдіріп, мәскеу үйлері мен рублёв сарайларының төбелерінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің пайда болғанын айтып, ресей телеарналарында соғыстың басталуы қателік болды, ал Қырым мен Донбастан айырылу – «қорқатын дүние емес» деп, ойын ашық білдіру үстінде.

Украиналық журналист Иван Яковина өзінің «Безумный мир» ютуб-каналында жариялаған мәлімдемелерінде Ресей Федерациясы саяси басшылығының қиындықтарға тап болғанын, атап айтқанда жеңіліске қалайша дайындалып жатқанын егжей-тегжейлі мәлімдеді.

– Мұндай жайсыздықтар барған сайын нақты және шынайы бола түсуде, тіпті Ресейдің мемлекеттік телеарналарында да айтылып жатыр», – дейді журналист. Телеарналарда бір шикіліктің бар екені, олар мұны жоспарлаған жоқ, жағдай мәз емес, алдағы уақытта бұдан да нашар болады деген мәлімдемелер көбейіп кетті. Бұл туралы, мәселен, жақында НТВ арнасындағы бағдарлама спикерлерінің бірі Борис Надеждин мәлімдеген болатын. Ол Украинадағы Ресейдің арнайы операциясы «жез шылапшынмен» жабылғанын айтқан кезде, барлығы оған тап беріп, ұрыспақ болды, алайда бағдарлама спикері өзінің айтар ойын көрермендерге жеткізе білді.

Борис Надеждиннің айтқан сөзінен үзінді:

«Біріншіден, арнайы әскери операцияны бастау туралы шешімнің өзі қаншалықты үлкен қателік болғанын Путиннің өзі де түсінді.

Бористің сөзін бөле бастайды: «Мұны қайдан алдың?»… Надеждин қарсыластарының жан айқайына сабырмен қарап, сөзін жалғастыра түсті:

… – Ойымды аяқтайын. Осының бәрі басталған кезде отаршылдық соғыс болатыны анық болды. Мен мұнымен не айтқым келеді? Алпауыт Ресей өмір сүруін бұрынғыша жалғастыруда. Адамдар мейрамханаларға, театрларға, футболға барады, шетелге шығады. Олардың өмірінде барлығы тамаша. Украинаға Росгвардия және тағы да басқа құрылымдардың келісімшарт бойынша қызмет ететін экспедициялық корпусы жіберілді. Путинге украиндықтар қарсылық көрсетпейді деп кім айтқанын білмеймін, бірақ Ресей басшылығы украин армиясының шашырап кететініне сенімді болды, Зеленский батысқа кетіп қалған болуы керек, сөйтіп ресей әскері Киевке баса көктеп кіреді де, Медведчукты немесе Януковичті отырғызады. Барлығы осылай жоспарланған болатын.

Қарсыластардың айқайы: – Сіз мұндай жоспарды көрдіңіз бе?

Борис Надеждин: – Одан әрі не болды? Содан кейін бір жылдық ауыр соғис қимылдарынан соң, яғни ресурстар аяқтала бастаған кезде біз келесі картинаны көреміз. Майданда алға жылжушылық (Запорожье және т.б.), әрине бар, алайда мұндай соғыстың өтеуі, құны -гуманитарлық апаттарға толы. Толығымен жойылған украин қалалары (Мариуполь бүгінде қирандыларға лық толы), осы аумақтардан үдере көшкен миллиондаған босқындар, соның ішінде Ресейден де талай босқындар көше бастады. Росгвардияның келісімшартпен қызмет ететін әскерінен ештеңе шықпады, нәтижесінде ондаған мың тұтқынның пайда болғаны белгілі болды…

Надеждиннің сөзін тағы да бөлуге тырыса бастады: – Мәселенің кіріспе сөзіне көшіңіз. Мариупольдің қалпына қалай келтіріліп жатқанын көрдіңіз бе?

Борис Надеждин: … – Аталмыш оқиғаның басында Путин Украинадағы жорық – кіші-гірім шағын әрі арнайы операция екенін жан-жақты көрсетті, алайда ол өзінің жаңа жылдық үндеуінде елге үлкен әскери күштердің қолбасшысы ретінде сөйлегені белгілі. Соғыс жүріп жатыр, бізге Жеңіс керек деді. Мұның соңы немен аяқталады деген сұрақтың жауабы анық емес. Мен жаһандық жеңіске жету екіталай деген пікірмен келісемін, бірақ мен Украинаның Ресейді жаулап, Кремльді басып алып, Путиннің қашып кететінін көз алдыма елестете алмаймын. Мен ресейлік әскер Киевті жаулап алатын сценарийді елестете аламын және оның құны қандай болатынын сеземін. Ал, оның құны мынадай болмақ: Батыстың қару-жарағымен қаруланған, миллионға жуық украин әскерін шын мәнінде талқандау үшін, жолдастар, (патриоттарға айтып отырмын) (осы тұста Надеждиннің қарсыластары демдерін басып, тыныштық орнады) елде нақты мобилизация жариялап, бірнеше миллион орыс сарбазын жұмылдыру керек. Одан әрі, құрметті жолдастар, шын мәнінде елден шығуға тыйым салу, бүкіл экономиканы соғыс жағдайына көшіру қажет. Осы шараларды қолдана отырып, сіздер Украинаның барлық ірі қалаларының, соның ішінде Киев пен Харьковтың Мариуполь сияқты қирандыларға айналуын қамтамасыз ете аласыздар, осылайша қаза тапқан жүздеген мың адамдарға көз жеткізесіздер. Сіздер мұны қалайсыздар ма?

Надеждиннің қарсыластарының айқайы: – Бос сөз, сандырақ. Қорқытушылық!

Борис Надеждин: Сондықтан бүгінде ондаған миллион адам Путинді жек көріп қана қоймайды, олар мені, сіздерді – барлық ресейліктерді жек көреді. Енді, алдағы уақытта не болуы мүмкін. Әрине, Ресейдің алып жатқан аумағы үлкен, экономикасы мығым, бізді оңайлықпен тұғырта алмайды дейсіздер ғой. Бірақ, уақыттың бізге қарсы жұмыс істейтіні белгілі. Қаржы министрлігінің осы жылғы есебін қараңыздаршы. Ұлттық әл-ауқат қорымыз бір жылдың ішінде таусылады, өйткені мұнайымыз сатылмай жатыр. Одан әрі….

Қарсыластар: -Өтірік! Құдайдан неге қорықпайсыз, мен есепті қарап шықтым. Қалшылдап, дірілдеуді тоқтатыңыз!

Борис Надеждин: … – Бірақ ең бастысы –мәселе өзгеде . Біз нацизммен, фашистермен және т.б. соғысып жатырмыз деген Путиннің мұндай әңгімесі 60-70 жастағы адамдардың ғана санасына сай келеді, ал мұндай әрекеттер 20-40 жастағы жандардың көңілінен шықпайды».

Иван Яковина: Психологиялық тұрғыдан Путин қазірдің өзінде жеңіліске дайындалып жатыр.

– Егер, сіз бұл видеоны YouTube-тан қарасаңыз, онда ресейліктердің пікірлері өте жағымды екенін көресіз. Көрермендердің барлығы дерлік Надеждиннің сөздерінің дұрыс екенін айтады. Жалпы, блиц-айғайдың күйреуінен кейін, АӘО-ның бірінші кезеңі осылай аталды, содан кейін оның екінші «нақты кезеңінің» күйреуі орын алды, содан кейін «үшінші тиімді операция», яғни украиналық инфрақұрылымдарды бомбалау кезеңі, ресейліктерді жаппай жұмылдыру және тағы қандай да бір өзгеше кезеңдердің басталғаны белгілі.

Демек, бұл Мәскеуге үйреншікті әуе шабуылына қарсы зымырандар, Белгород облысындағы «Айдаһар тістері» деп аталатын қорғаныс құрылымдары және т.б. деген сөз, яғни Путин қазіргі таңда Украинаның ірі шабуылынан қатты қорқып отыр. Егер мұндай қорқыныш болмаса, онда бұл тамаша жеңіс болып саналады және Ресей халқы мұны қуанышпен қарсы аладр еді. «Украина бізге шабуыл жасап жатқан жоқ, алайда түрлі күштер бұған итермелеп отыр. Сол үшін де украинаға құрмет»– дейтін болар ел тұрғындары.

Путиннің жалғыз одақтасы Лукашенконың Украинаны мақтай бастағаны, ал ол мұны бірінші рет жасап отырған жоқ, оның да Путиннің жеңісіне сенбейтінін көрсетсе керек. 19 қаңтарда Лавров онымен кездесуге келген кезде, Лукашенко «бізді» (Беларусь) Украинаға қарсы соғысқа ешкім сүйреп апара алмайды деп ойын ашық айтты, осылайша батыс елдері мұндай әрекетке итермелеп отырғанын да баса айтқан болатын-ды. Алайда, халық соғыстың жеңілгенін түсінсе де, мен Владимир Путиннің тағы бір рет үлкен шабуыл жасауға тырысатынына күмәнім жоқ. Мен шабуыл солтүстік шекара арқылы Киев немесе Волынь бағытында өтеді деп ойлайтынмын, бірақ Лукашенко «тақырыптан ауытқып кеткенде» бұлай болмайтын шығар деп те ойлаушы едім, дегенмен, екінші жағынан, бұл оның тарыпанан әдейі жасалған жалған ақпарат болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, ресейлік шабуылдың қандай да бір әрекеті болатыны күмансыз, өйткені Путин, менің ойымша, украина жерінен табанын жалтыратуға оңай көне қоймас. Алайда, осыдан 60 жыл бұрын жасалған Т-62 танктері мен 1943 жылғы Д-1 гаубицалары – американдық және неміс қаруларының соңғы модификацияларын ауыстыра алмасы анық.

Ресейдің аталған соғыста жеңілгенін түсіну, ресейлік элитаның ең жоғары шыңына жете бастады. Сондықтан Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Медведев telegram-конвульсияларда жан айқайын білдіріп, мәскеу үйлері мен рублёв сарайларының төбелерінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің пайда болғанын айтып, ресей телеарналарында соғыстың басталуы қателік болды, ал Қырым мен Донбастан айырылу – «қорқатын дүние емес» деп, өзінің ойын ашық білдіру үстінде. Қандай айырмашылық бар – тартып алды, жоғалттық. Сондықтан, Лавров соғыстан кейін қалай өмір сүру керектігін білмейтінін (бірақ Гаагадағы алдағы сот процесі туралы ойлануы тиіс) және Путин соғысты тоқтатқысы келетінін және тұтастай алғанда украинаны жеңу үшін емес, мүмкіндігінше тезірек аяқтауға ниетті екенін айтады. «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожин де Путин режимінің құлауына дайындығын бастап кетті. Ол Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінен жеке бөлек шығу үшін жаңа әскер жасақтап жатыр. Айтпақшы, Кадыров пен оның адамдарының әскери есеп мәліметтерінен мүлдем жоғалып кеткенін байқадыңыздар ма? Шешенстандағы шешен падишасы жертаса салып, саяси және әскери аласапыран кезеңге дайындалып жатқан шығар. Сондықтан Ресей Қорғаныс министрлігі қазір шешендерді әскер қатарына шақыра алмайды, Кадыров күшін Владимир Путинді тақтан тайдырғаннан кейін басталатын кезеңге үнемдеп отыр. Оның бірден көптеген қарсыластары пайда болады, сөйтіп олармен күресуге тура келеді. Сондықтан ол Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу үшін әскер бергісі келмейді. Мен айтып отырған кейіпкерлердің барлығы жақын арада орын алатын жеңіліске және одан кейін не болатынына дайындалып жатыр. Бұл қашан болатынын білмеймін, бірақ бұл әре-сарсаңның ұзаққа созылмайтыны белгілі. Ресей қазірдің өзінде күшінен толықтай айырылды. Экономикалық тұрғыдан Ресей бюджеті құлдырады. Владимир Путиннің сөйлеген сөзінен оның бұл соғыста жеңіліске ұшырағаны және одан құтылу жолдарын іздеп жатқаны көрініп тұр. Ондай жолды табады ма, жоқ па ол жағы белгісіз, бірақ әрекет жасап жатқаны анық. Мұндай әрекеттердің оған үлкен жетістік әкелмейтіні шындық.

Еуропаны Шрёдерлу

Мемлекеттік телеарнаның эфирінде сөз сөйлеуге рұқсат алған Борис Надеждин -Ресей халқын жақын арада жеңілгенін мойындауға дайындау үшін және «оқиғалардан хабары жоқ» Путинді соққыдан алып шығу мақсатында арнайы «жіберілген казак» деген пікірлер айтылып жүр. Шынымен, солай болғаны ма? Жағдайды Кремльдің көптеген құпияларынан хабардар, Борис Ельцин үкіметінің бірінші вице-премьері Михаил Полторанин түсіндіріп берді.

– Борис Надеждин, Александр Руцкой және т.б. сөздерінен Путин режимінің шытынап, кәдімгідей қирап жатқаны, қираған қалдықтар арасынан «таза ауаның» жұпар иісі сезілетінін аңғаруға болады. Алайда, қазір Путиннің өзі соғысты арнайы операция емес, соғыс деп атайтын болды. Әскери фейк туралы заңдар арқылы барлық тыйымдармен өткір мәселелерді жауып қою мүмкін емес, өйткені қазандықтың жарылуы бек мүмкін ғой. Биыл болмаса, келесі жылы Ресей ашаршылыққа ұшырай бастайды. Бұл қорқынышты құбылыс. Биылғы жылдың күзіне қарай ұлттық әл-ауқат қорының соңғы қаражатын жұмсайтын боламыз, 5 ақпаннан бастап біздің мұнай өнімдерімізді ешкім сатып алмайтыны белгілі, мұнай өндіретін қалалар күнкөріссіз қалатын болады. Ендігі кезекте не істеуіміз керек және жеңілісті мойындау қалай жүзеге аспақ деген сұрақ өзінің шарықтау шегіне жететін болады. Ресей әскері бүгін-ертең жеңіліске ұшырайды, өйткені қазіргі заманғы танктер мен басқа да қару-жарақтар Украинаға АҚШ-тан, Германиядан және өзге елдерден Валерий Залужный командасы сұрағаннан, үлкен көлемде жеткізіліп жатыр.

Мәселе әскердің жеңілгенін мойындау болып отырғандықтан, бұл -соғысты бастаған режимнің толығымен жойылуы керек деген сөз. Путин өз елін тани алмайды, мүлдем білмейді, сол себепті ол кетуі керек. Ендігі жерде оны табиғи қасиеттерден ада, жай ғана ақымақ адам деп тура айтуға әбден болады. Тағдыр оны биікке көтерді, ал ол жауапкершілік жүгін шатастырып алды, оның құндылықтарды қалыптастыру қабілеті мүлде жоқ, қолынан тек қирату ғана келеді.

Оның төңірегіндегі адамдардың барлығы білгір мамандар болып табылмайды. Басты лауазымдарға кәсіби мамандар емес, беделіне нұқсан келген тұлғалар тағайындалады. Ресей вице-президенті (1991-1993) Александр Руцкой Андрей Карауловқа берген сұхбатында айтқандай, өмірбаяны таза адамның, белгілі бір нәрсеге қол жеткізуі мүмкін емес.

Классикалық мысал келтіре кетсек. Әйгілі якут гауһар тастары жарты ғасырға жуық уақыт бойы өндірілген Мирный қаласын алайықшы. Бұл жерге біздің «үлкен» бастықтарымыздың бірі Сергей Ивановтың ұлы тағайындалды, сөйтіп ол аңызға айналған Мир кенішіндегі терең карьерді мәңгілікке су астына жіберіп тынды, осылай жасайды да Мирный қаласын (50 мың) толығымен көшіру керек болады дейді. Бірақ Путинге табиғат кінәлі, мәңгілік мұз еріп кетті деп мәлімдеген көрінеді.

Ендігі жерде біздің әскеріміз мықты деп есептеген олар, Украинамен соғысқа аттанған кезде Ресейді шарпыған күйреушілік саннан «сапаға» қарай ауыса бастады. Мемлекет мектеп, аурухана, жол салудан бас тартып, қаржыны әскери күштерге, виллалар салуға, яхталар сатып алуға, шенеуніктердің азғындығына жұмсайтыны белгілі болды.

Мұндай соғыс бізде қандай да бір екінші немесе оныншы әскердің жоқтығын көрсетті. Горох патшаның заманындағы тот басқан танкілер, түрмеден жұмылдырылған қылмыскерлер, бірінен соң бірі амбразураларға айналып жатыр… Ресей армиясындағы Американдықтар мәлімдеген соңғы деректерге қарағанда ресей армиясында 180 мың адам қаза тапқан және ауыр жараланған, яғни қайтып оралмас сапарға аттанып кете барған.

Телеарналарда шынайы өмір көрініс таба бастады. Сондықтан Надеждин сияқты адамдар эфирге жіберіле бастады, енді жерде үндемеу мүмкін емес. Бұрын биліктің мүддесі үшін майдалап сөйлейтіндер, енді мұны жасай алмасы белгілі. Гаагада қазірдің өзінде Украинаға агрессия жасағаны үшін Путинді сотқа тарту мақсатында арнайы трибунал құрылып жатса және өзге де ресейлік қылмыскерлердің тізімі жасалып жатқан болса, оның құрамына тележүргізуші-насихатшылар да енген болса, мәселенің түп төркінін өздеріңіз пайымдай беріңіз. Қазір олар ақталу үшін түрлі сылтаулар ойластыруда. Ендігі жерде Кремль оларды құтқара алмайды, өйткені ол шын мәнінде жойылып тынды, елді бақылау уысынан шығып барады. Ядролық қаруды қолдануға шақырып, үгіттеп отырған Соловьев қана қалды. Шындығына келгенде мұндай қарудың Ресейде көптен бері жоқ екенін оның өзі де білмейді. Өйткені, 2000-2017 жылдар аралығында Путин «Гор-Черномырдин» келісімшарты негізінде АҚШ-қа жоғары байытылған уран жөнеткен болатын. Оны кезінде Ельцин 1993 жылы қазанда, атап айтқанда Ресейде конституциялық дағдарыс ушығып, оған импичмент жарияланып, армияны саяси және экономикалық реформаларына тосқауыл қойған парламентке қарсы пайдаланған кезде Батыс пен АҚШ-тың қолдауына айырбас құралы ретінде ойлап тапқан еді. Сонымен, «Гор-Черномырдин»келісімшарты бойынша американдықтар елімізден 40 жыл ішінде құны $8 триллион долларды құрайтын 500 тонна жоғары байытылған уранды арзан бағамен – $11 миллиард долларға сатып алған.

Ол үшін 20 мың ядролық оқтұмсық шығарылған. Мұның бәрі жасырын түрде жасалды, бірақ Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Лев Рохлин бұдан хабардар болғаннан кейін, комиссия құрған болатын. Мен бұл мәселе бойынша тыңдауларға қатысып қана қоймай, аталмыш жағдайдың парламентте қызу талқылауына ат салыстым. Мұндай талқылауларда елімізде байытылған уранның тек 10%– ы ғана қалғаны, ал зымыран оқтұмсықтарындағы ядролық зарядтар кезең-кезеңмен ауыстырылуы қажет екені баса айтылды, бірақ қару-жарақ плутонийі мен уран өндірілген, жылдам нейтрондық электр станцияларының барлығы саяси себептерге байланысты жойылып кете барды. Мұндай станциялардың бірі, айтпақшы, Қазақстанда, атап айтқанда Маңғышлақта жұмыс істегені белгілі. Генерал Рохлинге қатысты тергеу жұмыстарының қалай аяқталғанын біз жақсы білеміз. 1998 жылдың шілдесінде оның мүрдесі өзінің үйінен табылған болатын. Адамдардың көкейінде осы уақытша шейін қалай тірі жүр?-деген сұрақ туындайтыны шындық. Себебі, маған тағдырым ғана қорған бола алады. Мен ештеңеден, еш нәрседен қорықпаймын, өйткені Ресейде емес, Алтай кенінде теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте дүниеге келдім, яғни шешендерге қарағанда таулы аймақтың өкілімін, сол себепті төмен жиілікті тербелістер маған онша әсер етпейді дегім келеді.

Бізде ядролық қарудың бар-жоқтығын осы уақытқа шейін ешкім дөп басып айта алмайды. Бізде бетонмен толтырылған жерасты шахталарында орналасқан «Воевода», «Сатана», «Авангард» («Стилет») зымыранды ядролық кешендері Днепропетровск қаласындағы Южмашта жасалған. Украиндықтар мұндай ядролық кешендердің басқару жүйесін американдықтарға тапсырған, енді зымыран ұшса да қауіпсіз – тас сияқты жерге гүрс етіп құлап кете барады.

Біз көріп отырған құбылыс – тарихи дамудың логикалық тізбегі, осындай оқиғалардың салдары саналады. Патриот болып көрінетін ақымақтар ғана болып жатқан оқиғалардың барлығын Ресейдің мүддесі үшін жасалып жатқан әрекеттер деп айта алады. Біз, өкінішке орай, күйреуге бет алып жатырмыз, бұл Путиннің қолымен жасалуда. Елде туу көрсеткіші төмендеп, кедейлік сыни деңгейден әлдеқайда төмен. Неліктен адамдар соғысқа барып жатыр? Өйткені жейтін тамақ жоқ, ал Украинаға қарсы соғысқа қатысу орыс рулеткасы тәрізді қабылданатын құбылыс: не ақша табасың не болмаса өліп тынасың …

Путин дәуірінің соңы АҚШ-қа байланысты болмақ. Бүгінгі таңда Америка Германия канцлері Олаф Шольцті қыспаққа ала бастады, ендігі жерде ол Украинаға әскери техника жеткізуге дайын екенін мәлімдеп отыр. Бұрын ол мұны бір ғана қарапайым себептерге байланысты, яғни Кремль Еуропаны Шредерлеу деп аталатын әрекетті жүзеге асырды деген желеумен жасағысы келмеді. Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер 2017 жылдан 2022 жылдың жазына дейін Роснефть-тің директорлар кеңесінің төрағасы болғаны баршаға аян. Алайда, еуропалық саясаткерлер өз мүдделерін қаншалықты қымбатқа бағаласа да, бақытымызға орай, Америка Құрама Штаттары жетелейтін қоғамдық пікірдің бар екені шындық.

Украина Ресеймен келіссөзге келе ме? Бұл да АҚШ-қа байланысты. НАТО-да шешуші дауысқа ие Америка мұндай қадамға мәжбүр етсе, украинаның басқа амалы жоқ.

Туған жерім Қазақстан туралы бірер сөз айта кетсем. Ресей Қытай қолшатырының астында тұрған кезде, қазақтарға Ресейдің шабуылынан қорқудың қажеті жоқ. Себебі, қытай, жігіттер, біз бұған жол бермейміз деп ескерткен болатын-ды. Сөз соңында, біздерге, яғни орыстар үшін ұят саналатын нәрсені айтқым келеді. Әлемде (АҚШ пен Ресейден кейін) ядролық қару-жарақ арсеналы жағынан үшінші орынға ие болған Украина өзінің ядролық қаруын 1992 жылы Ресейге тапсырған болатын. Орыстардың адалдығына сенген олар 1900 стратегиялық оқтұмсық пен өзге де көптеген қару-жарақтарды Ресейге сеніп тапсырған еді. Сондай-ақ, 1994 жылы Будапешт меморандумына қол қойылды, аталған меморандумға сәйкес Ресей, АҚШ, Франция, Қытай, Ұлыбритания Украинаның аумақтық тұтастығының кепілгерлері ретінде міндеттеме алған болатын. Яғни, біз Ресей, Украинаның тұтастығын кез-келген шабуылдан қорғауымыз керек еді, ал біз керісінше опасыздық танытып, зұлымдық әрекетерге барып, шабуыл жасап украин халқын құрта бастадық, қалаларын қирандыға айналдырдық, т.б. әрекеттерге бардық. Менің ойымша, мұндай Путин жұмаққа да, тозаққа да түспейді, оның жаны қаңбақ тәрізді Қазақстанның, Калмыкияның және т. б. суық та салқын, жылуы жоқ көңілсіз далаларында қаңғып жүретін болады.

Мерей Сугирбаева




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.