Соловьевтің улы сілекейі: Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшыларға жауап берді
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресейдің мемлекеттік арнасынан елімізге қатысты айтылған мәлімдемеге Ресей билігі тиісті жауап беруге тиіс екенін айтты.
– Соловьев көп елдерде нон грат мәртебесін алған, қазір санкцияға іліккендер мен қара тізімге енгендер арасында көш бастап тұр. Ол ашуланғаннан кейін, жан-жағына улы сілекейін шашады. Соловьев пен сол секілді саясаткерлер шындықты түсініп, жаңа геосаяси ақиқатпен санасуды үйренетін уақыт келді, – дейді Құл-Мұхамед.
Мұхтар Құл-Мұхамед саясаттанушы Дробницкийдің Ресейдің Украинадан кейінгі мәселесі Қазақстан болуы мүмкін деген сөзі елімізге тікелей қауіп екенін айтты.
– Ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің «келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін. Өйткені ұлтшылдық үрдістері сол жерде де басталуы ықтимал» деген сөзінен біздің елімізге тікелей қатер төндіру байқалады, – дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Комментариев пока нет