English version

ҰҚШҰ Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдайға пікір білдірді

События дня — 28 января 2022 00:00
0 -1

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода және Қырғызстан хатшысы Марат Иманқұловпен телефон арқылы сөйлесті.

Сондай-ақ, тараптарды шекарадағы атысты дереу тоқтатуға шақырды.

— Шекарада жаңадан басталған қақтығыстар үлкен алаңдаушылық тудырады, салдарынан жараланғандар бар. Тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы қақтығыс дереу тоқтатылуы тиіс, — деді бас хатшы.

Зась ҰҚШҰ-ның екі ел арасындағы жанжалды шешуге көмек көрсететінін айтты.

«ҰҚШҰ Қырғызстан мен Тәжікстанға жанжалды шешуде қажетті көмек көрсетуге дайын. ҰҚШҰ-ға мүше екі мемлекеттің басшылығы осы күрделі шекаралық мәселені реттеу үшін өзара қолайлы жолдар табатынына сенімдімін, — деді ол.

Фото: Sputnik Кыргызстан


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.